Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Ұлытаудың қымызы)

Біз үшін атамыздың асы – қымыз,
Қымызбен алшы түсер асығымыз.
Сусынын махаббаттың қанып іш деп
Қолынан қымыз құйсын ғашығымыз.

Бал дәмі таңғалтады, толғантады,
Толтырып тостағанды қолға ал тағы.
Қымызбен қоса......
Өлеңдер
Толық
4,5 -2,5

Ғылыми жұмыс (жоба): Мәдениет | Ұлытау аспан асты мұражай

Өткен күн, кеше, тарих
Келер күн, ертең сыр
Ал бүгінгі күн - үлкен сый
«Ұлытау аймағы аспан астындағы алып мұражай»
Ұлытау – ұлт ұясы, ұлы даламыздағы талай тарихтың куәсі болған қасиетті мекен. «Қазақ халқының бесігі», «көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі» аталған бұл өлкенің бүккен шежіресі көп. Сондықтан да қазақ үшін қасиетті бұл мекеннің төрінде Елбасының тарих жайлы ой - толғауының өзі үлкен мағынаға ие.
Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар деп жалпыны Ұлытауға қатысты тарихымыздан ұлағатты тағылым алуға шақырған Елбасы қазақтардың «кеше ғана пайда бола салмаған» халық екенін айтады. Ел тарихының түпкі бастауы сонау ғұндардан, одан кейін Алтын Орда дәуірі, артынша Қазақ хандығының өмір сүруімен байланысатынын, бұның барлығы қазіргі таңдағы егеменді ел болып отырған Қазақстанның тәуелсіздігіне ұласқанын Елбасы тарихшылардан артық айтпаса кем айтқан жоқ. Мұның өзі Мемлекет басшысының белді саясаткер ғана емес, халқының тарихына қанық, ұлтының болашағын ойлаған тұлға ретінде де бейнесін аша түседі. Ал тәуелсіздігіміздің қаншалықты қадірлі екенін Нұрсұлтан Назарбаев «¬Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта - ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», деп бұрындары да айтқан болатын......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ұлытау мұражай қорығы

Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді......
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ұлытау тобы

«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка.
Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0