Адамзат тарихында жеңістер көп. Солардың ішінде мән - маңызы жөнінен шоқтығы биік – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Биыл осынау атаулы тарихи күнге 70 жыл толғалы отыр. Демек, біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 70 жыл! Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыры саналатын Ұлы Отан соғысында халқымыздың басым бөлігі Отан қорғау жолында мерт болса, майданды керек жарақпен қамту жолында еңбек етіп, Ұлы Жеңістің негізін қалаған тыл еңбекшілері қаншама. Соғыс тақырыбына шығармасына арқау қылмаған бір де бір ақын - жазушы қалмаған шығар. Патриоттық рух бар жерде Ұлы Жеңіс тақырыбы әрқашанда өзектілігін жоймай, жыл өтіп ұрпақ жаңарған сайын маңызы арта түспек. Өлкемізден шыққан ақиық ақынның соғыс тақырыбына арналған шығармаларын зерттей отырып, атаулы оқиғаға аз да болса өз үлесімізді қосуды жөн көрдік......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: -жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді; –сөз құрамы сызбасы негізінде зат есім/сын есім/етістікті анықтайды; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. Оқушылардың көбі: -жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады; негізгі және туынды зат есім/сын есім/етістікті ажыратады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді. Оқушылардың кейбірі: -жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады; туынды зат есім/сын есім/етістікті жасай алады -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді......
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру......
Жауды жеңіп табиғат сап, Жермен –жексен еткен ерім Қуан, қуан, күлші сақ-сақ, Шын жеңіске жеткен елім
Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсріп, елестететін газет- журнал материалдары радио, телехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә содан беріжарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Осыдан жетпіс бір жыл бұрын ,дәл таң қыла бергенден фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыста біріншілердің бірі болып Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық- шекарашылар қарсы алған еді. Соғыс өрті кенеттен тұтанғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен – ақ жұдырықтай жұмылды. Республиканың түпкір- түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да, соғысқа сүранды. Біз соғыстың тек қана майдан жерінде ғана емес, тылда да жүргенін айқын білеміз. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін , Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығын жаудың қолына бермеу үшін тылға көшіре бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан аумағына жүз қырық екіге жуық кәсіпорын жайғасты. Ер азаматтардың барлығы армия қатарында болғандықтан , зауыттарда әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер тынбай тер төкті. Еңбек тәртібі қатайтылды , жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық , жиырма үш сағаттық жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ел «Бәрі де , майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», деген ұранмен еңбек етті.Сол кездегі Кеңес Одағының халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «Тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалист мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. ......
Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық. Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық. Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық, Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық. Мұзафар Әлімбаев
1941 жылдың 22 маусымында фашистік германия әскері Кеңес Одағының тұтқиылдан, соғыс жариаламастан басып кірді. Жау жағының басымдығына қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангерлер-ардагерлерімізді мәңгі жадымызда сақтаудамыз. Миллиондаған қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Солардың қатарында қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Қан төкті, жаралы мүгедектер болды, аштыққа да, суыққа да төзді, сөйтіп фошистерді жеңуге ортақ Отанды қорғап қалуға өлшеусіз үлес қосты. Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтының, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінің, асылын берсе де, намысын бермейтінің білмеді.ұлттың рухын теңселтіп, адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқының рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алады. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат. Менің ойымша мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары күмән келтірмейді........
Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ. Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды. Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді. Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды ....
1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады. ....