Шығарма: Отан үшін күрескендер

Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ
Б.Момышұлы
Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деп, өз ойын айтып еді. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы өмірінен,тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстокга Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі........
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен қыз үшін ұялдым)

Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,
Әмзе басты жиналғандар кезекпен.
Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана,
Ортамызда отырды бір қыз бала.
Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай,
Сұлулығы қиялыңнан озғандай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары

Капиталды шетке шығару қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.
Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып,тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:
1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы
2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
3. жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі
4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы
5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал
Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды қағаздар портфелін диверсификациялауды айтамыз.
Шетелдік инвестиция – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс - күйретуші күш

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет!
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн! Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Отан соғысынан оралған ардагерлеріміздің саны жыл санап азаюда. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні! Бұл күннің толғауы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақта тарих ұмытпайды!
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине “Бірлік”. Қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.
«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісі. Лоренц күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Лоренц күші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдану және магнит өрісінің тогы бар өткізгіш пен қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге әсерін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сөз табы туралы түсінік Дереккөздермен жұмыс Берілген тақырып сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздерді (сөздік анықтамалық энциклопедия) қолдана білу алынған ақпаратты (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Сөз табы туралы түсінік. Дереккөздермен жұмыс. Берілген тақырып, сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) қолдана білу, алынған ақпаратты ұсыну. Байғазы
Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу
Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша ойындары топтамасы

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Аптап ыстықта сұлу болып қалу үшін

Биылғы жаз ерекше ыстық. Жазда сымбатымыз бұзылмауы үшін не істеу керек?

☀ Жазғы маникюр

Маникюр жасамас бұрын лакты 20 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тырнақты бояп болған соң екі-үш минут салқын суда ұстаңыз. Бұл әдіс тырнақтың тез кебуі үшін қолданылады.

☀ Мұз

Жазда теріні мейлінше жиі ылғалдандырып тұру керек. Ол үшін алоэ немесе қияр шырынынан мұз дайындап, сүртініп тұрыңыз.

☀ Түймедақ шайы

Эпиляциядан кейін тері тітіркеніп кетпеуі үшін түймедақ шай қалташасын (пайдаланған) 10 минутқа мұздатқышқа салып, теріні уқалап сүрткен жөн.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №2 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.1 Әртүрлі стильде жазу
1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Мұғалімнің көмегі арқылы қарапайым сипаттау сөздерін жазады.
Көбі: Кезкелген әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым сипаттау сөздерін жазады.
Кейбірі: Барлық әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Өз бетінше қарапайым сипаттау сөздерін жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0