Реферат: Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау

Өндірістік қызметке жұмсалатын шығындар түсінігі басқарушылық есепте жиі қолданылыды, бірақ нақты мағына бермейді. «Шығындар» түсінігі қосымша түсініктемені қажет етеді. БҰл түсініктеменің мағынасы ақпаратты пайдаланушының қойған мақсаты мен бухгалтер пайдаланған шығындарды қортындылау үлгісіне байланысты анықталады.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жинтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: біріншіден, шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады, екіншіден, шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын сипаттайды, үшіншіден, шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнімөндірісі, қандайда бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлешдегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі шекарада анықылуы мүмкін. Бұл ақпарттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Ішінара шығындар бойынша өзіндік құнды бағалау тікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәні келесілерге келіп тіреледі: тікелей шығындар деп бұйымның өзіндік құнына, ал жанама шығындар түгелімен өздері болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесіне кіреді. Өнімдерді сатудан түскен түсімнен сол өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды алып тастасақ, жалпы табысты анықтаймыз.
Барлық бұйымдар бойынша брутто-табысты қосып,тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабу үшін қолданылатын жиынтығын аламыз.Брутто-табыстан тұрақты шығындарды өндірістің нәтижесін есептейміз.
Айрықшылық жағдайлар кейде өзіндік құнды есептеуге, сараланған шығындарды қолдануға итермелейді. Сараланған шығындар деп олардың шамасы белгілі бір жағдайлармен салыстырғанда басқаша болуы мүмкін шығындарды айтамыз. Сараланған шығындар барлық уақытта қандай да бір нақты әртүрлі шығындарды.
Шығындар бабы әрбір нақты мәселе бойынша әрбір нақты жағдайды анықталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Болашақ үшін)

«МАЙДАНҒА! МАЙДАНҒА!»
Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайын, басын.
Жабады дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сұйықтар мен газдардың механикасы
Сабақ тақырыбы: Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Эксперименттік тапсырмалар мен есептеулерде, сапалық есептерді шығарғанда үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолдана білу.
Сабақ мақсаттары: Барлығы: Үзіліссіздік теңдеуін, Бернулли теңдеуін біледі.
Көпшілігі: Бернулли және үзіліссіздік теңдеуін қорыта алады.
Кейбіреуі: Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолданып, көтергіш күштің пайда болатынын дұрыс түсіндіре алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Заттың үш күйі

Қыстыгүні көлдер мен өзендердің беттеріндегі су қатып, қатты күйге – мұзға айналады. Мұздың астындағы су сұйық күйінде қалады. Біз мұнда судың әр түрлі екі күйін – қатты (мұз) және сұйық (су) күйлерін бір мезгілде қатар көре аламыз. Судың үшінші – газ тәрізді күйі де болады: көрінбейтін су буы бізді айнала қоршаған ауаның ішінде де бар.
Сұйық сынапты термометр резервуарынан көруге болады. Сынап бетіің үстіңгі жағында оның буы болады, ол сынаптың газ тәрізді күйі болып табылады. - 390С –та сынап қатады – қатты күйге ауысады.
Буды және сынапты мысалға алып, зат үш күйде – қатты дене, сұйық және газ түрінде кездесетінін көрдік. Әр түрлі күйде денелердің қасиеттері түрліше болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән:Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жұмысшы күшінің миграциясы

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Палуандардың күш дайындығының ерекшеліктері

Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары – атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісі. Ампер күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Ампер күші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдану және магнит өрісінің тогы бар өткізгіш пен қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге әсерін сипаттау ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан Дойл | Үш студент


1895 жылы кейбір жағдаяттар, - бұл арада оларға тоқталып жатпаймын, - мистер Шерлок Холмс екеумізді айтулы университет қалашықтарының біріне ат басын бұрғызды; біз онда бірнеше апта болып, тұрпайылау болғанымен тағылымы мол бір оқиғаға ортақтастық. Енді соны баяндап бергелі отырмын. Әлбетте, оқиғаның қай колледжде орын алғанын және қылмыскердің кім екенін оқырманның дәл анықтап білуіне мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі деректер келтіру орынсыз боп табылады, оның үстіне бүл намысқа тиетін нәрсе. Мұншалықты масқара оқиғаны жылы жауып қоя салғаннан келіп-кетер ештеңе болмас та еді. Алайда тиісті дәрежеде сыпайыгершілік сақтай отырып ол турасында айтып берудің артығы жоқ, өйткені бүл оқиғада досымның таңғаларлық қабілет - мүмкіндігі жаңа қырынан танылған-ды. Айтқалы отырған әңгімемде мұның қай жерде болғанын немесе кім жайында сөз боп жатқанын аңғаруға септік жасайтын жайлардың бәрінен орағытып өтуге тырыспақпын.

Біз кітапханаға таяу маңда орналасқан, жиһазбен жабдықталған бөлмелерде тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шерлок Холмс ежелгі ағылшын хартияларын зерттеумен шұғылданып жүрген - ізденістерінің қайран қыларлық нәтиже бергені сонша, бұл менің болашақта жазатын бір әңгімемнің тақырыбына айналуға әбден татиды - ақ. Бір жолы кешкісін бізге танысымыз, Әулие Лука колледжінің оқытушысы, мистер Хилтон Сомс келді. Мистер Сомс ұзын бойлы, жұқалтаң адам еді және қашан кездестірсең де ашушаң, ызақор біреу секілді әсер қалдыратын. Ал бүл жолы жүзі тіптен түтігіп кеткен-ді, соған қарап әлденендей бір төтенше жағдайға тап болғанын аңғару қиын емес-ті......
Әңгімелер
Толық
0 0