Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік туралы жазу үшін ақпараттар (2-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік туралы жазу үшін ақпараттар. (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің, оқушылардың көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біліп, саналы қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
Кейбір оқушылар:
Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4 сабақ Жануарлар әлемі Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 4 сабақ. Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Негізгі ойды анықтау
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;
ӘТН 2 Орфоэпиялық норма
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:1) тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі;
Көптеген оқушылар: 1) жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді;
Кейбір оқушылар: 1) мәтіннің негізгі ойын өз бетінше анықтайды; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Өгіз қара күшім бар


Көшенің бұрылысынан өте бергенімде шап беріп' сол қолымнан біреудің ұстай алғаны. Жаздың күні болғандықтан, басымда ондатр құлақшыным болмағандықтан қорқа қойғаным жоқ. Бірақ қатты тартынып қалдым. Алдымда тұрған жанды құбыжық салдыр-салдыр ете түсті. Сасып қалып:

— Ау, мұның қалай?—деппін.

— Мұным дәп солай. Немене адам көрмеп пе едің?

— Халің қалай, бауырым?—дедім аузыма сөз түспей.

— Қалай болушы еді, алла деп арақ ішіп, құдай деп қуырдақ жеп жүріп жатырмыз.

Не дерімді білмей аңырып қалдым. Жаңағы көрген құбыжығым кәдімгі таныс адам Меншік деген жігіт болып шықты. Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Шыңырау құдыққа салатын баяғының тозған қауғасындай қолқылдақ екі қонышының ішіне шүберекке орап әлденелерді тығып тастапты. Қоныш бақа жұтқан жыланның тамағындай буылтықтанып кеткен. Үстіне бір кезде Болгарияда шыққанда киім сияқты, бірақ Азияның күні күйдіріп, жаңбыры шайғандықтан өң-түстен түк қалмаған, қазақ аулының тозған қабындай көнтиген камзол. Меншіктің құтын қашырып тұр. Бұл бұл ма, беліне байлаған кішірек бақыраш пен кішкентай балта қозғалса болды, біріне бірі тиіп салдыр-салдыр етеді. Бұның бәрі түк емес. Әсіресе басындағы ет салатын мыс дағарадай қоғадан тоқыған қалпақ ботаға артқандай сегіз қанат үйдің шаңырағын басып қалыпты. Алыстан қарағанда басы жоқ екі аяқ жүріп бара жатқандай. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әйеліңізді бақытты ету үшін 35 кеңес

1. Ашушаң болмаңыз, әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін.

2. Үйге келгеніңізде әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасыңыз. Ондай үйге шайтан жоламайды.

3. Пайғамбарымыз (ﷺ) әйелді аялап ұстауды қажет ететін хрусталь ыдысқа теңеген. Әйел табиғаты өте нәзік. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша қадағалаңыз.

4. Әйеліңізге кеңесті оңашада әрі өте жұмсақ айтыңыз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында ауызға алудан абай болыңыз.

5. Жомарт болыңыз, әйеліңізге сараңдық танытпаңыз ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.
Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар:
-1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Үшмұрын

Ертеде бір бай болыпты. Ол сол алаптағы елдің ең байы, әлдісі, онан асқан төңіректе бай жоқ екен. Дүние-мүлік, мал дегендер көп, бірақ бала жоқ. Бәйбішесі мен байдың өзі ғана.
Зарығып жүріп бір ұл көреді. Бай қуанып маңайдағы елдің бәрін шақырып той жасайды. Отыз күн ойын, қырық күн тойы болады. Жақын достарына сыйын береді. Көп жылдар өтті. Бала ер жетті. Байдын бәйбішесі дүниеден қайтты. Үй, мүлік иесіз қалған соң, бай баласына әйел әперуді мақұл көріп, төңіректен қыз іздеді. Бірақ көңілге ұнарлықтай жасаулы сұлу қыздар кездеспеді. Ақыры көрші елдердің бірінен бір байдың қызына сөйлесіп, құда түсті. Күйеу қайынына барып, қалыңдығын көріп, қалыңдығына көңілі толып қайтты. Қалың малға жылқыны үйірімен, қойды қосағымен айдатып жатты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.
Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0