Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі Вагнер Любовь Павловна Сыныптан тыс сағаты: “Тілдің үштұғырлылығы” Мақсаты: • Оқушыларды әр түрлі пәндерге (ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, салт – дәстүрге ) деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау; • Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой - өрісін дамыту; Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Сабақ түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, диаграмма, нақыл сөздер Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, әдебиет
Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Осының барі күнделікті жады жағдай. Енді көптілділікті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халық аралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе.
Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. .....