Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме)Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Жолы болғыш үшеу

Бір адам үш ұлын қасына шақырып алып:

— Мен қартайдым, - депті, — дәм-тұзым таусылар мезгіл жеткен сияқты, сендердің қамдарыңды ойлайтындай уақыт туды. Менің сендерге қалдырар ақшам жоқ, қазір үшеуіңнің қолдарыңа ұстатқалы отырғаным да арзан қолды дүниелер. Жолға шығуға қамданыңдар, менің сендерге бермек болып отырған заттарымды көзі көріп, құлағы естімеген елді табуға аттаныңдар. Алда-жалда ондай тапсаңдар, үшеуің де бақытты боласыңдар, мұратқа жетесіңдер......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 55-сабақ Тұрлаулы мүшелер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 55-сабақ. Тұрлаулы мүшелер
Оқу мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;
- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көбі:
- диалогке белсенді қатысады;
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі:
- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін? Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін?
Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу
2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақ мақсаттары: Сезім мүшелері жайлы ертегіні оқиды. Оқиғаның соңын болжайды. Я, ю әріптері бар сөздерді қатесіз жазуға үйренеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Саналы ұрпақ үшін ұлттық киноиндустрия

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0