Қазақша диктант: Қазақ тілі | Алып күш

Әлгі келе жатқан кеме болып шықты. Темір сауыты күн нұрына шағылысып, төбесіндегі дөңгелек темірден қара түтіні будақтап, өрге қарай жүзіп барады. Оның бас жағында дүрбі салып, бері қарап тұр. Үстіңгі жақта әрі-бері жүгіріп жүрген кісілер көзге шалынды. Мына қалпында кеме дарияның қатты ағысын, шығуы......
Диктанттар
Толық
0 0

Ертегі: Үш аю

Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.
Бір күні түлкіні құйрығынан ұстап жұлқылайды. Екі аю:
– Түлкі бізге тиіскен жоқ қой, қоя бер, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды

Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.

Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.

Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.

Жаңалықтар
Толық
0 0