Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана. Ұлттық академиялық кітапхана Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. ....
Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Әр күні миллиондаған адамның жеген чипстері өздеріне қауіп төндіруде. Тіпті кейбір ұйымдар темекідегі секілді чипс қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Чипс жеудің, май ішуден айырмашылығы жоқ.» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және паркинсон аурымен қатар бірнеше ауруларға себеп болатынын білдіруде. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май және 3 пайыз мөлшерде транс майы бар чипстерден күніне 35 грамдық бір пакет чипс жейтін адам, 1 жылда 5 литр май ішкен болады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар чипстің зияндарын айтып түсіндірсе де, чипс жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. Чипстің құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Американың азық-түлік ұйымының айтуы бойынша, әр бір ересек баланың күніне ең көп дегенде 6 грамм тұз және 65 грамм май жеуі керек. Күніне 2 пакет чипс жейтін адам бұл мөлшерлерден артық жеген болады. Шамадан тыс желінген май және тұз, холестерин, миокард инфаркті және паралич сияқты қауіпті ауруларға жол ашады. ......
Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді. Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды. Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады. Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді: «Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес», тағы былай дегені бар еді: «Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған біздің үмметтен емес». Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей қысылып жүрді. «Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын ғой» - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.....
Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды. Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды. Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......