Бір көшеде, шамасы осыдан үш жүз жылдай бұрын салынған, әбден тозығы жеткен үй тұратын. Оның ертеде салынғандығына көз жеткізу де оңай. Өйткені үй шатырының бұтағындағы қызғалдақ пен құлмақтан жасалған әшекей өрнекте оның қай жылы салынғаны, ал оның астына көне әріптермен және ертедегі емле ережелерін сақтай отырып бір шумақ өлең ойылып жазылған. Барлық терезе маңдайшаларынан мардымсып аузын қисаңдатқан, кейпі ішек-сілеңді қатыратын кескінсіз кісінің жүзі бірден көзге шалынатын. Үйдің жоғарғы қабаты төменгі қабатына қарағанда әжептәуір аумақтырақ......
1. Ізденіс жұмысында жобаға байланысты қанша нақты варианттар қаралды: 2. Сандық түрлері: 3. Тиімді вариантты таңдауда қандай мәселені меңзедің: Үй мүліктерін насихаттау арасында - сандықты таңдадым. Таңдаған варианттың басқа варианттарға қарағандағы ерекшелігі: Сандық - кепкен ағаштан жасалып, оның алдыңғы бетіне ою - өрнектермен әшекейлеп салынатын бұйым. Ою - өрнектің түрі қошқар мүйізбен өрнектеп жасадым. Бұл тәсілді чеканка ою арқылы орындалады. Сәнді болу үшін түрлі – түсті бояулармен боядым. Бұл бояулар сандыққа әр беріп тұрады. 4. Негізгі мәлімет өлшемдері: Сандық негізгі төрт бөліктерден тұрады. 1. Асты – үсті 2. Екі жаны 3. Алды - арты 4. Қақпағы Материалға жұмсалатын қаражат: 5000 теңге.....
Мақсаты: Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, бақылау. Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, слайд, маркерлер
1. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу. Жылулық шеңбері. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз. Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң, Қайырлы күн, балалар! - Балалар үй жануарлары деп нелерді айтамыз? - Кім оларды атап береді? Бүгін біз сабақта мысық пен иттер туралы айтамыз. .....
Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді- Ертегіні тәуір көрем мен тегі... Жүрсін Ерман
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.
Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін. Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады. Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б... Төмен түсетін жол рқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б. Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді. Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты. ....
Кіріспе Қазіргі заманғы ақпараттық телеөлшеуші жүйелерде, датчиктерден алынған өлшенетін ақпараттарды қабылдаушы жақта оның қалпына келтірілуін берілген дәлдікте орындайтындай түрде, олардың тағайындалуына тәуелсіз, үлкен қашықтықтарға жібереді. Бірақ, көптеген жағдайларда ақпараттық телеөлшеу жүйелерінде күрделі комминикациялық құрылғыларды пайдалану тиімсіз. Бұл төмен құнымен, жоғары сенімділікпен, бөлшектерінің бір ретті қолданылуымен, конструкциясының қарапайымдылығымен және т.б. шартталуы мүмкін. Сондықтан, бұл дипломдық жобаның мақсаты ақпараттық телеөлшеу жүйесінің бөгеттұрақтылығын, аппаратуралық қиындылығын арттырмай-ақ жоғарылататын, ақпаратты жіберу-қабылдау тәсілдерін жасау болып табылады. Мақсатқа жету үшін бірнеше талаптар қойылды: - басқарушы құрылғыны (микроконтроллерді) таңдау; - бірінші ретті түрлендіргіштерді (датчиктерді) таңдау; - байланыс каналын таңдау; - бағдарламалық қамтамасыздандыруды және бағдарламалау тілін таңдау.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 Жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу; 3.4.1.2 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың мәтін құрастырып жазу дағдыларын дамыту......
Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылыктарды тез арада жойып отыру болып табылады. Құқықтық жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы құқық нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. ....