Әлем бойынша миллионнан астам адамды төсекке таңып, қаншамасының өмірін жалмап үлгерген аты жаман аурудың салдарынан биылғы қасиетті Рамазан айын үйде өткізбекпіз. Өкініштісі, жылдағыдай Жұма намазын оқып, кешкісін ауызашарда жүздесіп, тарауих намазынан....
Ертеде бір перзент көрмеген әйел болды. Балам болса деген ой жатса-тұрса көкейінен шықпады. Бірақ жоқ баланы қайдан алады. Күндердің күнінде әлгі әйел өзі сиқыршы, балгер кемпірге келіп:
– Менің жатсам да, тұрсам да ойлайтыным бір перзент болды. Оны қайдан табуға болады, сен соны айтып берші, – деді.
– Несі бар, айтсам айтайын! – дейді сиқыршы кемпір. – Мә, мынау арпаның дәні, бұл жай дән емес. Диқан жерге сеуіп немесе тауығына беретін арпа деме; мұны гүл өсіретін құмыраға отырғыз, сосын не болатынын өзің-ақ көресің! Әйел сиқыршы кемпірге «рақметін» жаудырып, он екі скиллинг берді де, үйіне келіп, арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті. Сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап гүл өсіп шыға келді.......
«Ұшы-қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып,үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады»,-деп Шоқан Уәлиханов айтпақшы,тылсым табиғат қашан да құнды дүниесімен тамсандыруын тоқтатпақ емес.Күн шуағын төгіп айналаны нұрландырса қуанышты деп,аспанды......
Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.
Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.
Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді. .....
Ертеде Бұлдырмерген деген атақты аңшы болыпты. Өзі мерген, қарулы, ақылды, ер жүрек адам екен. Бір күні ол аңға шығады. Орманды, тауды аралайды. Шаршаған соң бір ағаштың көлеңкесіне келіп демалады. Бұлдырмерген қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырады. Сөйтсе байқамапты, бұлақтың арғы жағасында, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Шаңырақтай екі мүйізі күнге шағылысып, жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлдырмерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, жарқыраған алтын екен.......