Тәрбие сағат: 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)

Тақырыбы: 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)

Мақсаты: Білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Егеменді ел Қазақстан жайында толық мағлұмат беріп, ой - өрістерін дамыту. Өз отаның сүюге, қастерлеуге баулу. Өз еліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Билингвальдік компоненті: Отан - Родин,
Тәуелсіздік - независимость,
Білім - знание.
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері.

Армысың ба? Алтын күн!
Армысың ба? Жер - Ана!
Армысың ба? Достарым,
Сендерді көрсем қуанамын......
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыу

Кіріспе
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің форма¬лары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындаты байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы

О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға, риза болсын, айта барғын,
Осымен өкпелей жүрсін маған.

***
Ағайындар, туғандар,
Жүрген жерің Нұр болсын.
Тындағаның жыр болсын.
Жолымыз басқа болғанмен
Тілегіміз бір болсын.....
Баталар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Видеопрокат жүйесі құру

МББЖ дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.
МББЖ ортасының компоненттері
1 суретте көрсетілгендей МББЖ ортасынан келесі 5 негізгі компоненттерді бөлуге болады:

КӨПІР
Компьютер Адам

Сурет 1 – МББЖ ортасыны4 компоненттері

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум оперативтік және дискілік жады жеткілікті болады (бірақ ол жүйенің керекті өнімділігіне жеткізе алмайды).
Бағдарламалық қамтама. Бұл компонент МББЖ-ң өзінің бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы программаларды қамтиды. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal деген сияқты үшінші буынды тілдерде немесе SQL сияқты 4-ші буынды тілдерде құрылады. Дегенмен, МББЖ өзі 4-ші буынды құрал-саймандарға ие бола алады. Олардың арқасында ол өзі қосымшаларды тез жасай алады.
МӘЛІМЕТТЕР. МББЖ ортасының ең маңызды компонеттернің бірі – мәліметтер болып табылады. Мәліметтер компьютер мен адамның арасындағы көпірдің рөлін ойнайды. ДБ жұмыс мәліметтерін сақтау мен қатар мәліметтерді де сақтайды, яғни «мәліметтер туралы мәліметтер».
Процедуралар. Процедураларға нұсқаулар мен тәртіптер қатысты. Олар ДБ қолданған және құрастырғанда мәнге алыну керек.
Қолданушылар. Қолданушылар ДБ-ң клиенттері болып келеді. Өйткені ДБ-сы олардың ақпараттық мұқтаждығын күтуі үшін құрылады, проектеледі және қуатталады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жазық айналар. 30,45,60,90 градус бұрыш жасай орналасқан айналар жүйесін зерттеу. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жазық айналар. 30, 45, 60, 90 градус бұрыш жасай орналасқан айналар жүйесін зерттеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс:
- жазық айнада кескін алу;
- жазық айнада алынған кескінді сипаттау;
- шағылу заңын пайдаланып есептер шығару;
-өзара бұрыш жасап орналасқан айналардағы кескіндер санын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Сабақтың тақырыбы: « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

Кіріспе
Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Отанын сүйген отқа жанбайды

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар карыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамның шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру
Сабақ мақсаттары: Адамның шаруашылықтағы іс-әрекетінен экожүйеде туындайтын проблемаларды анықтатып, оларды шешу жолдарын ұсынуға үйрету. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0