Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасындағы баға белгілеу жүйесі

Кіріспе
«Баға –құнының ақшалай көрсетілген бейнесі». Заман өзгеріп, өмірге нарықтың экономика деп енген сайын бағаның сан алуан түрлері пайда бола бастады.
Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбек өнімінің натуралдық – заттық нысанының ақша нысанына көшуін және сатып алу – сату актілерін негізінде оның бір иеден басқа иесіне қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.
Нарықтық экономика жағдайында баға құру стратегиясы шығындардың, сұраныс пен ұсыныстың және бәсекелестердің негізінде жасалады.
Баға шаруашылық есепті ретті жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
Жеклеген кәсіпорындар мен салалардың жалпы өнімі бағамен анықталады.
І. Экономиканы жоспарлы реттеу жүйесіндегі баға.
1.1. Баға: мәні, қызметі
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала оның жайды және одан әрі бөлінетін процесстің алғашқы негіз болып саналады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай ІІ бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған.
ІІІ бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: VI-IX ғғ. мемлекеттердің орналасу аумағын картада көрсету;
Көне түркі тайпаларының саяси үдерістері түсіндіру;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны

Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше. Өз кезегінде бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі арналымы орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар негізінде іске асады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Жүйе

Әлеуметтік процесс дегеніміз- жалпы алғанда әлеуметтік ұйым жағдайының бірізділік ауысымы. Мысалы, салалық механизмнің жұмыс істеу процесінде техникалық прогрестің жаңартудан туындаған басқаруды жетілдіру сияқты оның құрылымда өзгерістер болды. Бұл құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін енгізуді ескі технологиялық процестерді жаңасына аса прогресивтілігіне ауыстыруды басқару аппаратының фунуцияларын қайта бөлуді және қайта ұйымдастыруды көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Жаңа жүйедегі өтудің мәселері мен шарттары

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізді жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтым қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде “Педагогика” курсының атқаратын қызметі айрықша.
“Педагогика” курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банк жүйесі

Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай–ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар–ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда. Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер–клиенттер арасында қолма–қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро–банктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0