Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні мен негізгі принциптері

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестердеғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандақ білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектеп ішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, «ықпал ету» ұғымының орнына «өзара әрекеттесу», «ынтымақтасу», «рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Күйеуіңіз ашуланса

Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүреді. Күйеулерімен жиі ренжісіп қалатын құрбылары:

– Құрбым, сенің күйеуіңнің мінезі бізге мәлім. Соған қарамастан тату-тәтті өмір сүрулеріңнің сыры неде? – деп сұрайды.

Сонда әйел:

– Үйдегі реніш, ұрыс-керіске өздерің кінәлісіңдер. Жұбайларың сәл ашулана қалса сендер оған жауап қайтаруға дайын тұрасыңдар. Күйеуім ашуланып жатса ол кінәлі болса да үндемеймін. Сол сәтте Алладан оның жүрегіне сабырлық пен мейірімділік беруін тілеймін. Менің үндемегенімді көріп ол да сабасына түседі. Біздің бақытты болуымыздың сыры осы ғана, – деп жауап береді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физиология | Жүйке жүйесі

Кіріспе
Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс:Экономика | АҚШ тың салық жүйесі

Салық салудың мақсатын екі категорияға бөлуге болады: реттеу және қайта бөлу. Соңғысы өз кезегінде жеке және ортақ секторлы (аралық сектор) қайта бөлу болып, әр түрлі әлеуметтік топтар арасында және бірдей әлеуметтік статустағы адамдар арасында (горизонтальды) бөлінеді. Джозеф Пекман 1 атап өткендей, «бұл көзқарас бойынша, американдық фискалдық жүйе сын объектісі және қанағаттану көзі болып отыр». Федералдық салықтар шкаласы прогрессивті; басты ауыртпалық байларға түседі.Оған қоса, оның экономикалық белсенділікті оятатын дефектісі кең мойындалған. Сонымен қатар жергілікті және штат салықтарының тегіс немесе регрессивті шкаласы бар; оның әсерінен рецессия кезінде қаржылық кризистер өздерін дәл бөлек штаттар дәрежесінде көрсетеді.
Дамыған шет елдер салық жүйесін заманауи құрылымын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және өткен ғасырдың 80-і жылдарында салық реформаларының нәтижесінде жасай алды.
Мемлекеттік реттеудің басты құралы салық саясаты мен жеке өндіріске қаржылық ықпал ету болып табылады. Осы ықпалды жүзеге асыра отырып, мемлекет, заңдылыққа сай, мынадай басты мақсаттарды көздейді: бірқалыпты тұрақты экономикалық өсуді; басты тауарлар мен қызметтерге бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету; халықты толық жұмыспен қамту; халықтың белгілі минималды табыс мөлшерімен қамту; халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құру, бірінші кезекте, зейнеткерлерді, көпбалалыларды, мүгедектерді; ішкі экономикалық қатынастардың тепе-теңдігі. Осы барлық мақсаттарға бір мезгілде жету мүмкін емес. Егер, бағалар өсе бастаса, онда оларды шектеу мен реттеу шараларын жүргізу керек. Бірақ бағаларға шек қою жұмыссыздықтың көбеюіне әкеп соғады. Ал, халықты толық жұмыспен қамту да бағалардың өсуіне алып келеді, себебі жалақыны көп адам санына төлеу керек болады және еңбек нарығында бәсекелестік төмендейді. Тепе-теңдік жағдайына келу – бұл мемлекеттің экономикалық саясатындағы басты жағдай. Дамыған елдер үшін мемлекеттің әртүрлі экономикалық өмір сферасына мемлекттің араласуын кеңейту және күшейту тән. Айырмашылық тек осы араласу дәрежесіне байланысты болады. АҚШ-та ол төмен, Швецияда жоғары, ал Германия мен Жапонияда оның дәрежесі орташа деңгейде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері

КІРІСПЕ
Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла¬нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла¬нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз - оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай - ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономиканы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. АЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді жобалық шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді, экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай - ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметінің жалпы жағдайын, қаржылық сенімділігін талдауға, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс - жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан Республикасының «Лицензиялану туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімді өткізу Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асады. Негізгі тұтынушылар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жоғары сапаны қажет ететін ішкі нарық.
Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенін қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі" және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол жағдайды алдын ала болжап, кәсіпорынның барынша зиян шекпеуін қадағалайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Микропроцессорлық жүйе

Кіріспе
Микропроцессорлық жүйелердің негізгі элементтерін оқу, микропроцессорлық контроллердің структуралық құрылымын ұғыну, микропроцессорлық программалау негізі мен программалы-техникалық комплекстерді құрудың принциптерін білу автоматика саласының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады және келесідей нәтижелерге қол жеткізу керек:
• Микропроцессорлық жүйелерді құруда қолданылатын микропроцессорлық құралдардың біркристалды және модульдік жиынтықтарын, ҮИС және ҮИСС микропроцессорлық жиынтықтарының функционалданған және салыстырмалы сипаттамаларының принциптерін, микропрцессорлық жүйелерді құрастыруды ыңғайлау жолдарын, жиынтық модульдерін және олардың программалануының функционалды бекітілуін, микропроцессорлық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдерін, микропроцессорлық жиынтықтарды таңдауға әсер ететін факторларды, аппаратты және программалық жүйелерді өңдеудің ерекшеліктерін білу.
• Микропроцессорлық жүйелердің аппаратты және программалық құралдарын жобалауда микропроцессорлық жиындардың модульдерінің сипаттамаларының тәжірибелік жолмен қолдану, таңдалған жобалау критерийларына сәйкес функциялардың іске асыру алгритмдерін және жүйе құрылымын таңдаудың өз бетінше шешімін қабылдау,; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазынашылық жүйесі | БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ

Кіріспе
Мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына жету үшін шексіз ресурстарды қолдану мен шоғырландыруды талап ететін жеті ұзақ мерзімді басымдылықты орындау керек. Ал ол өз кезегінде барлық қаржылық жүйенің әрі қарайғы реформалануын қарастырады. Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік пен міндет Қазынашылыққа жүктеледі және оның негізгісі бюджеттік құралдарды рационалды шығындау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі мәселенің бірі болып мемлекеттің қаржылық ресурстарын кешендік басқару табылады. Бұл мәселені шешуге жаңа қабылданған «Бюджеттік жүйе туралы» Заң көмектеседі. Онда қаржылық ресурстарды басқарудың негізгі ережелері мен заңдық тәртіпте мемлекеттің консалидирленген қаржылық балансының мәні мен мағынасы және ролі анықталған. Қазіргі уақытта республикамызда бюджетті құру мен орындау механизмдерінің жаңа даму жолдары қарастырылуды. Бюджеттің құрылуы мен орындалуының негізгі кезеңдерін кешенді түрде қарастыру мыналарға мүмкіндік береді:
Біріншіден, бюджеттік жоспарлау механизмін кешенді талдап, оның орындалуына бақылау орнатуға жағдай жасайды. Екіншіден, бюджетті құру мен орындау бойынша экономикалық шаралардың байланысы мен кезектілігін анықтайды. Үшіншіден, республика экономикасын басқарудағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қаржылық жүйенің қызмет ету механизмінің жаңа даму бағыттары мен негізгі принциптерін жасайды. Қаржылық жүйенің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қаржылық саясат пен оның құрамдас бөліктерінің орындалуы механизмінің мәні мен мақсаттарын түсінуге нақты және терең тұрғыдан қараған жөн. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0