Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Үйлену

Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан, ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Күшті жарығы қаратам көзді ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең - зең қылып әлсіреткендей. Бірқалыпта айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда - санда болымсыз ыстық леп білінсе, адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін төсеп еріксіз ұмтылғандай болады.

Бұл уақытта азғана тыныштық табылса, жалғыз ғана үй ішінен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі түрулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды, жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне - бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айырылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшіл түтінімен бірқалыпты дүниенің ажарын, ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын қажының ауылы. Бұл ауыл өзгелерден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ шалғыны мол жеріне қонған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы.
Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті.
Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз.
Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды.
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.

Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады.
Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз.
Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0