Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты: 1. Ойыншық атауларымен, қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел). ерекше дыбыстармен таныстыру.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Сөздік қоры: доп, қуыршақ, қоян, қонжық, мысық.

Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
Балалармен қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру.
(айту – көрсету)
кел – подойди
отыр - садись
тұр - встань
бар - иди
ал - возьми
әкел - принеси
апар – отнеси.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Үйде


— Григорьевтердікі бір кітап сұратқан екен, мен сізді үйде жоқ дедім. Пошташы газеттермен бірге екі хат әкеп берді. Айтпақшы, Евгений Петрович, Сережаға көңіл бөлсеңіз деймін. Бүгін де, кеше де соның шылым тартып жүргенін көрдім. Бірдеңе деп ақыл айта бастап едім, құлағын басып алып, менің даусымды естімеймін дегендей, жүгіре жөнелді.

Округтік соттың прокуроры Евгений Петрович Быковский мәжілістен жаңа ғана қайтып келіп, кабинетінде қолғабын шешкен күйі өзіне баяндап тұрған тәрбиеші әйелге қарап күліп жіберді.

— Сережа шылым тартады... - деп иығын бір қозғап қойды ол, сол тәштектің папирос тартып тұрғанын көрсемші! Айтпақшы, нешеге келді өзі?

— Жетіде.

— Сізге бұл әншейін нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ оның жасында шылым тарту зиянды, жаман әдет, ондай жаман әдетті әуел бастан құрту керек.

— Әбден дұрыс. Ал темекіні қайдан алып жүр?

— Сіздің үстеліңізден.

— Солай ма? Олай болса оны маған жіберіңіз.

Тәрбиеші әйел кеткен соң, Быковский жазу үстелінің алдындағы орындыққа отырды да, көзін жұмып ойлай бастады. Евгений Петрович Сережасын, ұзындығы бір кез, дәу папирос тартып, темекі түтініне көміліп тұрған тәрізді елестетті, соның өзі күлкісін келтірді: сонымен бірге тәрбиеші әйелдің шынымен абыржыған ажары, жарым - жартылап ұмытылып кеткен, әлдеқашанғы бір күндерді есіне түсірді: онда, мектепте, балалар бөлмесінде шылым тарту педагогтар мен ата-аналарға түсініксіз, сұмдық болып көрінетін. Ол шынында да сұмдық еді. Шылым тартудың нендей зиянды, қылмысты .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету

Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. ¤йткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.
Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.
Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ертегі: Ұсқынсыз үйрек

Қаланың сырт жағы қандай тамаша! Жаздың жайма-шуақ кезі, қара бидай сарбалақтанып, сұлы көктеп, пішеннің шөмелеге салынған шағы. Көкорай шалғын көк майсада ұп-ұзын, қып-қызыл сирағы анадайдан сидиып, бір құтан египетше сайрап жүрді ол тілді оған өзінің шешесі үйреткен. Сонау жайсаң дала, жасыл алқаптың ар жағында қарауытып қара орман тұр, оның қойнауы толған түпсіз терең шалқар көл. Шаһардың шеті қандай ғаламат! Айналасын табағы сулы терең сай қоршаған, аумақты келген......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақтың киіз үйі

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Шаңырақ
Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.

Шанырақ
Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.
Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.
Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты........
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Опыну)

Ұқсағым кеп өзімше Абайларға,
Ұрыс ашып мансапқа малай-қарға,
Талаптының берем деп бағын ашып,
Таяқ жеппін болысып талайларға.
Жалпылдаумен жандай-ақ мәңгі жайнар,
Жақсылықты санаппын сәнді қайнар.
Көңілінен дәметкен......
Өлеңдер
Толық
0 0