Үйді тап таза ұстаудың 12 әдісі

Үй жинаудың еш қиындығы жоқтай көрінеді. Шаңды сүрте сал, еденді жу, шаңсорғышты қос. Жарайды, ал пеш үстіне шашырап, қатып қалған майды не істейміз? Ал бетіндегі торға жабысқан майды қалай кетіреміз?

✅ 1. Лимон шырыны микротолқынды пештегі дақтарды кетіреді.

Әрине, микротолқынды пешті жууға арналған құрылғыны сатып ала салуға да болады. Бірақ оның қанша тұратынын білесіз бе? Оның арзан тәсілі бар. Микротолқынды пеште қыздыруға жарайтын ыдысты алып, оған жартылай су құйыңыз және ортасынан бөлінген төрт лимонның шырынын суға сығып қосыңыз. Жемістердің жартысын су мен шырынның қоспасына қабығын бетіне қаратып қойыңыз да қыздырыңыз. Содан кейін суды төгіп, лимонды тастай салуға болады, ал микротолқынды пешті ылғал шүберекпен сүртіп шығыңыз – бәрі тап-таза.......
Кеңестер
Толық
0 0

Керек кеңестер Үй тазалығы үшін

• Терезелер жарқырап тұрсын десеңіз, оны крахмал қосылған сумен жуыңыз.
• Тоңазытқышты 3 аптада бір рет тазалап тұру керек. Ол үшін ішіндегі азық-түлікті шығарып, токтан ажыратып, есігін ашып қойыңыз. Қатқан мұз өздігімен еруі қажет. Бұл процесті тездетуге, әсіресе, пышақпен қыруға болмайды. Мұз әбден еріген соң ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 1 ас қасық сода) тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Одан кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, іші әбден құрғағанда ғана азық-түлікті қайта орнына қойыңыз.
• Боялған еден жарқырап тұруы үшін оны 1 шелекке 1-2 ас қасық мұсатырлы (нашатырный спирт) спирт қосылған сумен жуыңыз. Спирт бояуға қанық түс береді. Ал сабын мен ас содасы, керісінше, бояудың түсін жояды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (12-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ)
Оқу мақсаттары:
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем);
4.2 Көрген/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Кесте бойынша сөйлемдер құрастырып айту барысында көмекші сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттер бойынша шағын мәтін құрастырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Күйеуі әйелінен мына нәрселерді күтеді

1. Әйелінің себепсіз бөтен ер адамдармен сөйлеспегенін. Олармен қарым-қатынаста сабырлы, байсалды болғанын.
2. Әрдайым таза әрі ұқыпты киінгенін. Тек күйеуі үшін сәнденіп, әдеміленгенін.
3. Жылы сөздер айтып, ризашылығын білдіріп тұрғанын.
4. Өзін сыйлағанын, қолдау көрсеткенін.
5. Екеуінің араларындағы сырды ешкімге айтпағанын, кемшілігін бетіне баспағанын.
6. Өзгелердің күйеуімен салыстырып, кемсітпегенін.
7. Жұмыстан күліп қарсы алғанын, үйдің әрдайым таза, тамағын уақытылы әрі дәмді дайындағанын.
8. Ата-анасын әрдайым сыйлап, қонақтар, достары келсе жылы жүзбен қарсы алып, шығарып салғанын.
9. Балаларының, өзгелердің көзінше намысына тиетін сөздер айтып, оны төмендетпегенін.
10. Орынды-орынсыз қызғанып, болмашы нәрселерге жанжал шығармағанын.......
Кеңестер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау. Үй жануарлары №3 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтннің түйінді тұсын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты білетін ақпаратымен бөліседі....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Инновацияның жүйелі қызметінің бір түрі - пәнаралық байланыс арқылы оқыту

Инновация деген ХІХ ғасырдың ортасында мәдениеттануға арналған зерттеулерде пайда болды да белгілі бір халықтың мәдениетінің кейбір элементтерін алу,оны енгізу деген ұғымды білдіреді. Инноватика – жаңа ілім дегенді білдіреді. Жаңа ілімнің қалыптасуына түрткі болған жағдаяттардың бірі әр түрлі фирмалардың қызметіне жаңа үрдіс енгізу, оны дамыту және т.б. қажеттіліктерден туды.
Инновация – пәнаралық ретінде философия,психология, әлеуметтану,басқару.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Асқазан өт жолдарын үй жағдайында емдеу

✅ Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

✅ Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

✅ Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0