«Барады көшіп ауылың Келме көлге, Келме көл алыс дейді көрмегенге...» Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар, Ойыма Жем түседі шөлдегенде. Кептіріп аңызағы кенезені, Тентек жел тепкілейтін терезені. Құмығып құмға.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақтың тақырыбы: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұраулы сөйлем құрастырады; - үлгі негізінде есте сақтап құрамында в дыбысы бар сөздерді сауатты жазады; - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша шағын әңгіме құрайды Оқушылардың көпшілігі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; - сөз құрамында в дыбысын ажыратып, сауатты жазады; - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша жүйелі әңгіме құрайды Оқушылардың кейбірі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; - сөз құрамында в әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады; - тірек сөздермен қатар көмекші сөздерді, жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.....
Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің АФЕ-рі. Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары. Пиелонефрит. Гломерулонефрит.
Зәр шығару жолдарының және бүйрек АФЕ-рі
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының негізгі клиникалық белгілері.
Негізгідиагностикалық әдістері.
Осы аурулардыңемдеупринциптері және алдыналуы.
Жас балалардың бүйректері төменірек орналасқан, салмағы үлкен кісінің бүйрегімен салыстырғанда 2 есе ауыр. Бүйрек түбектері мен несепағарларының сергітуі төмен. Бұл ерекшеліктер зәрдің тоқтап қалуына жағдай туғызып қабыну процесстеріне әкеліп соқтырады. Нәрестенің қуығы сәл жоғары орналасқан, оның көлемі жасына байланысты:
Тыныс алу мүшелері организімді оттегімен қамтамасызетуге және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жилігін артырады. Тыныс алу жилігін сырқатқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен сырқат білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын сырқат көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болуы тиіс. Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн –Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чайн –Стокс тынысы-дем алу қимылдарының оқтын –оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады. Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс. ....
Бүгiн елордада «Халықтың сүйiктiсi-2016» ұлттық жүлдесiне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл алтыншы рет өткiзiлiп отырған салтанатты шарада қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалiнiң көшiрмесi табысталды, деп хабарлайды baq.kz.
Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре» Мақсаты: білімділігі: Музыканың мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздерінің мағынасын түсіндіру, меңгерту. дамытушылығы: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту, дауысын жетілдіру. тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге тәрбиелеу Методикалық әдіс тәсілі: Ән тыңдау: Жаяу Мұса «Ақ сиса» әні, Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән» Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: Даңғыра аспабы Көрнекілік құралдары: Әнші, ақын, сазгерлер, күйшілер туралы дайындалған слайд. Күй үнтаспасы, ойын атрибуттары. даңғыра аспабы.
Әрекет кезеңдері: І Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады, амандасады.....
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді. И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) — мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.....