Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады
Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша ойын сауатты жеткізеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ Сүйіспеншілік пен достық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О3; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.
Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
7.ӘТН1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты: Кеңсе құжаттарының құрылымы мен ресімделуін анықтап, ұсыныс хат жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық нервтер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық нервтердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкез бөлігінде орналасқан. Бұл симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық нервтердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді.



Вегетативтік рефлекстердің доғалары жұлында, сопакша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық нерв жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығуының, үлкен және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Операциялық жүйелер мен олардың атқаратын қызметі

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.
Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Сүйікті тәрбиешім!

Менің атым Ерзат. Мен Шалқар қаласындағы "Нұрсәт" балабақшасына барамын. Балабақшадағы менің сүйікті тәрбиешім Қибат Отарбайқызы.......
Шығармалар
Толық
0 0