Реферат: Информатика | Жүйе түсінігі

Жүйелік теориясы мен жүйелік талдау немесе қысқаша айтқанда – жүйелік қолайлылық 25 жыл бойы қолданылып келе жатқанымен бірқалыпты шешімін тапқан жоқ.
Бұның басты себебінің бірі адам өміріндегі іс-әрекеттердің тұрақты болуын, сонымен қатар бұларды адам өмірінде қолданудың мүмкіндіктері болды.
Тіпті жүйе түсінігінің өзінен көптеген варианттарды анықтауға болады. Мысалы, оның бір бөлігі философия негіздерінде терең еніп жатырса, ал басқасы белгілі бір жағдайларда, біздерді тәжірибелік тапсырмалардың жүйелік жобасын іске асыруда қолданады. Осылардың алтын қиылысын таңдай отырып «жүйе» терминінің көптеген жекелеген объектілері арасындағы байланысты түсінуге болады. Егер де біз ең болмағанда осындай объектілердің екеуін байқасақ, яғни: мұғалім мен оқушы, сатушы мен сатып алушы, теледидар мен ондағы хабарларды жеткізіп отыратын станция мен және т.б. – осының осы «жүйе» болып есептеледі. Қысқаша айтқанда, кейбір кемшіліктеріне қарамастан жүйенің көмегімен қоршаған орта мен мына біздер тіршілік етеді екенбіз. Бұл өмірдің артықшылығын жүйелік қолайлылық көз қарасынан байқайық: қою және шеше білу мүмкіндігі, тым болмаған жағдайда екі шешім: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғамдық іс әрекеттң негізгі институттарын тәжірибелі реформасымен мінезделеді. Мемлекеттік бюджеттің табыстық бағасының құрылу механизмі және негізі қатты өзгерген.
Салық мағынасы қазіргі заманда оның фискалдық функцияларымен ғана шектелмейді. Мемлекеттің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуына деген талап мемлекеттік реттеудің әр түрлі формаларымен әдістерін қолданудағы көзқарастарды түбімен жаңадан бағалауды, сонымен қатар мемлекеттің қолындағы әмбебап құралы ретіндегі салық механизімін қайта қарауды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы реформалаудың жалғасы қаржылық және салықтық-бюджеттік мемлекеттік жүйесінің әрі қарай дамуымен байланысты.
Салық жүйесі дамуымен өзгеруінің дербес стадияларында жатыр. Қазақстанның салық жүйесі өзінің даму тенденциясын зерттеу барысында сувериненттің бірінші жылдарында оның фискалдық мінездемесін жоғары екендігіне және оның дамытушы құрамдарының төмен екендігі жайлы қорытынды жасауға болады.
Қаржының тепе-теңдік пен инфляцияға қарсы шараларға негізделген салық жүйесі Қазақстан экономикасының дамуының жаңа талаптарын шеше алмайтындығын көрсетті.
Ұлттық салық жүйесінің әрі қарай реформалау нәтижесінде және салық кодексінің қабылдануы салық басқарушылығы жақсарды және салықтың негізгі топтарының іс-әрекет механизмі жеткілкті шешілген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ САЯСАТЫ

Кіріспе
Маркетинг («marketing» - нарықтық қызмет деген ағылшын сөзі) капиталистік кәсіпорынның өндірістік өткізу және сауда қызметін басқаруды ұйымдастыру тәсілі ретінде XIX-XX-шы ғасырдың басында өмірге келді. АҚШ-да оның басталуын 1901-1905-ші жылдарға саяды. Алғашқыда маркетингті өткізуді ұйымдастыратын тәсіл ретінде қарады. Алайда да қазір маркетингті тауарды бір жаққа өткізу қызметімен шектеп қана қоймайды. Қазіргі кездегі маркетинг үлкен ғылым әрі қызмет аясы болып табылады. Ол бәсекелестіктің дамыған кезінде кәсіпорынның тактикасы мен стратегиясын сатып алушыны қызықтыру тәсілін, нарықты билеу әдісін жасайды және көзделген пайда деңгейін қамтамасыз етуде нарық пен бағаны барынша бақылауды жүзеге асырады. Маркетингтің нағыз даму Еуропадағы дамыған капиталистік елдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды. Соңғы жылдары халықаралық көлемде маркетингті қолдану кәдімгідей ұлғайып, осы облыстағы зерттеу аясы кеңи түсті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру барысы

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруындағы статистикалық ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Қазіргі кезеңде жұқпалы ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін мәселелердің бірі. Оны айналып өту мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің курстық жұмысты жазудағы ең басты мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады.
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде елеулі экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтік салада, соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесінде елеулі оңтайландыру жүргізді.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі рет), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістері (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық теңдеу
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.12 біртектес тригонометриялық теңдеулерді шеше алады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біртекті тригонометриялық теңдеулердің анықтамасымен танысады және біртекті тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдерін меңгереді. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Кіріспе
Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Халықаралық валюта жүйесі

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (қмж): Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның мыс-тас дәуіріндегі ерекшеліктерін, адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс арқылы кезеңнің ерекшеліктері мен, өзгерістердің себеп-салдарларына талдау жүргізу
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0