Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері Сабақтың тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 2-сабақ Оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады: Антропогендік фактор ұғымының анықтамасын біледі; Антропогендік факторларға мысал келтіреді; Сабақтың мақсаттары: Экожүйе туралы түсінік қалыптастыру, антопогендік факторларға мысал келтіре алады........
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді. ....
Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп. Өре – дүниетаным, пайым-парасатың, жаңағы айтқан ақыл-ойың. Осы өрені көтеріп отырмаса, адам шіркіннің төмендей берері хақ.
Өрені көтеретін, әлбетте, кітап, өнердің сан алуан түрі (театр, көркемөнер, музыка, қолөнері, т.с.с), кәсіби ісің, ақпараттың алуан түрі, т.б. Осы ретте қазіргі замандастардың өресі қай деңгейде, жалпы өремізді көтеруге қызмет ететіндердің өздерінің өресі қай деңгейде деген сауал туындайды.
Бір сөз бар: «Кітапты өртеуден де жаман қиянат – оны оқымау» деген. Енді осыны өзімізден сұрап көрейік, біз әдеби кітап оқып жүрміз бе?
Кіріспе. Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады. Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады. Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыбтар қозғалмақшы: 1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы. 2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары. 3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі). Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды.....
Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсберг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қайыржанов,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомлинский.т.б. ....
Кіріспе Курсттық жұмыстың өзектілігі: Тіл мен сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі сөз» - деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл - оның атқаратын екінші қызметі. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдар мен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақты болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.....
Ақпараттық жүйенің теориясы деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады. Ақпарат - латынның деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімеде немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған , түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз оны алушы кісіге дейін қабылдау механизімінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарастыруға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және пргматикалық. Синтаксистік деңгейде, ақпараттың бағалылыға, болашақ жүйені зерттеудегі әсері, ЭЕМ-да кодталу форматы, сандық бейнеленуі және мөлшері қарастырылады. Синтаксистік деңгейде мыналар есепке алынады: - тасушы типі; - ақпаратты еөрсеті тәсілі; - ақпаратты беру және өңдеу жылдамдығы; - ақпаратты көрсетудің кодтар форматы; - ақпаратты түрлендірудегі қауіпсіздік және нақтылық және т.б. Синтаксистік деңгейде қарастыратын ақпаратты әдетте мәліметтер деп атайды. Семантикалық деңгейде бейне, таңба, объект сәйкестілік аспектісін білдіреді. Яғни ақпараттың оның сол ақпарат көзіне қатысын анықтайды. Семантикалық ақпарат тек ақпарат және пайдаланушы тұтас болғанда ғана көрінеді.Семантикалық аспект ақпарат мазмұнының мағынасын қарастырады. Негізгі 2 зерттеу әдістері бар: 1. Берілген ақпараттың қабылдаушымен қабылдау мүмкіндігін болмауында. 2. Ақпаратты қабылдаушыға бұрынна белгілі болуы. Прогматикалық деңгей ақпарат пен оны пайдаланушы арасындағы байланысты көрсетеді, ақпарат пен басқару мақсатының сәйкестілігін тексереді. Ақпараттың прогматикалық қасиеттері ақпарат пайдаланушы және басқару мақсаты тұтас болған кезде көрінеді. Прогматикалық аспект ақпараттың бағалылығын, тиімділігін, басқару шешімін жасауды қолдануды қарастырады. Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақапарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысты бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Ақпарат жүйесі - қандай да бір объектіні басқаруға қажетте ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика. Мектеп: Сабақ тақырыбы: Жүректің өткізгіш жүйесі. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • Осы бөлімде оқушылар электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсінеді. Сабақтың мақсаты: Электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсіндіру....
Информатика - ЕЭМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіңдіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында инфармацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі - деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. ....
Кіріспе Б.з.б І-ғасырдың аяғында Қазақстан даласында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақ пайда болды. Олар: үйсіндер қаңлылар. Мал шаруашылығы үйсін тайпаларының өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді .үйсіндердің мекен еткен ортасы – Іле даласы мен Жетісу жері. Үйсін билеушісінің титулы гуньмо (күнбегі). Үйсін тайпаларында жерге жеке меншік болды. Жеке меншік болғандығының белгісі олар өздеріне тиісті заттарға жолдарға таңба салған. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Үйсіндерде қайтыс болған адамның қолы қапталына созылып басы батысқа қаратып жатқызылған. Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Тайпа адамдары жаратушы күшке сеніп оларға арнап құрбандықтар шалған. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туысқандық қарым-қатынаста болған. Қаңлы ғұндармен жайылым сауда жолы үшін соғысқан. үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тапаларының бірі бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру. І-тарау Үйсіндердің этникасы. 1.1. Үйсіндердің шығу тегі. Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.....