Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
Айналайын, Құдайым!
Оң жақтан неге қозғадың?
Шақырайын шаяндай,
Бар дауысыммен аянбай.
Қосыла түсіп айрылдым,
Қожіке мен Баяндай.
Жасымнан мені зарлаттың,
Құдіреті ұлық бір Алла-ай.
Құдай қосқан жолдасым,
Түсірдің мені қиялға-ай.
Жолдасым еске түскенде,
Отырмын жерден тұра алмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бір бөлігі ретінде оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Зейнетақы жүйесі экономикалық құрылымның ең бір күрделі түрі ретінде қарастырылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттің экономикалық дамуына әсер етеді, соның ішінде капитал мен еңбек нарығының қызмет етуіне, сондай-ақ ел азаматтарының ұрпақ ішінде және ұрпақ аралығында табыстың қайта бөлінуіне өз ықпалын тигізеді.
Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін қолдаудың материалдық негізі зейнетақы болып табылады. Зейнетақы (лат сөзі pensio-төлем) – белгілі бір жасқа келген азаматтарға, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылған отбасына және заң жүзінде көрсетілген өзге жағдайларға байланысты берілетін ұдайы ақшалай төлем. Зейнетақы бюджеттен тыс мемлекеттік және сақтандыру қорларынан, жеке меншік кәсіпорынның зейнет қорынан құралған зейнетақылық және сақтандыру қорлары арқылы беріледі /1, 211б/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр.
Мақсаты: Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Міндеті:
• Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
• Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
• Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әкімшілік жүйе | Жадыны Windows NT,Unix операциялық жүйелерінде қорғау

Кіріспе.
Соңғы кездері «ақпараттық көпшілік» термині жиі кездесіп жатады.Анализдердің жауаптарына қарасақ, ақпараттық көпшіліктің еңбегі болып табылатын ақпарат және білім, ал еңбек құралы болып-ақпараттық тхнология саналады. Электрлі санағыш техникасына негізделіп, ақпараттық технология деген жаңа атқа ие болды.Жаңа ақпараттық технологиялар бұрыңғыдын да көбірек мүмкіндіктерін көрсетеді.Торға қосылған компьютерлер көптеген әртүрлі ,қызықты мағлұмат бере алатыны бізге белгілі.Жылдан жылға осы ақпараттық технологияны қолданатын және қолдануға міндетті адамдар көбейіп жатқаны мәлім. Осы ақпараттық технология көп қажеттілігімізді қанағаттандырғанмен , бізге үлкен қауіп төндіретінін көбісі білмейді.Күннен күнге компьютер қылмыскерлері көбейіп жатыр.Осының бәрі экономика жарылысына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ақпараттық технологиялар атомдық станциялармен және химиялық өндірістерге қатысы бар. Егер ақпараттық технологиялар бұзылысқа ұшыраса, ол әкеліп экологияға әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ақпарат бізге өте қажет екенін ескере отырып, оны қорғайда білуіміз керек.Егер жадыны қоғамасақ, біз, сақталған ақпаратты, бағдарламаларды және ақпараттық мәліметтеді жоғалтып аламыз. Ақпарат зиянкестері екі түрде болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заң | Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.

Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері.

Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:

1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:

2. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;

3. Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі;

4. Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.

Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу дамитын) болып екіге бөлінеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0