Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың қаржы жүйесі

АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.
АҚШ элем бойынша мұнай, табиги газ, тас көмір, т.б. өн-дірудеы бірінші орында. Автомобиль ендірісі, гарыш техникасы сияқты салалардан да элем бойынша алдыңгы қатарда. Өнеркэсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман жэне қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикалан-дырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.
Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қа-рым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), ¥лыбритания (5%), Германия (4%), Франция жэне Нидерландия.
Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапо-ния (11%), Қытай (5%), Германия (5%), ¥лыбритания жэне Тайвань.
Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 млн-га жуық адам, халықтыц өсу динамикасы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары


А

Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...

Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?

Қош, дауаларыңыздан үміткер балаңыз Н......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Нұрмаш пен Дүйсен


Нұрмаш айтады:
«Дүйсен, біздің үйге бала бол, сонда біздің үйдің кісілері сіздікінен екі рет артық болады». Дүйсен ойлап тұрды да: «Жоқ, Нұрмаш. Сен біздің үйге бала бол, сонда сіздің үйдің де, біздің үйдің де кісілері бірдей болады», - деді.

Табыңдар, балалар, Нұрмаштың үйінде неше кісі бар? Дүйсеннің үйінде неше кісі бар екенін? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Үй шаруашылығына керек кеңестер

Үй шаруашылығында абайсызда болған жағдайдың оңай тәсілін табуға болады. Жай ғана шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін табиғи ұнтақ кофенің пайдасы мол.

✅ 1. Жаңа алған сыбыртқыны ұзақ қолданғыңыз келсе, тұздалған ыстық суға 2-3 сағатқа салып қойыңыз.

✅ 2. Шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін ол жерге табиғи ұнтақ кофені қойыңыз.

✅ 3. Ас бөлмедегі үстел сүртетін шүберектің майын тез кетіру үшін оны жумастан бұрын аздаған сірке суы қосылыған жылы суға салып қойыңыз.

✅ 4. Егер қолыңызға абайсызда «Момент» желімін төгіп алсаңыз, оны маргаринмен оңай кетіруге болады. Желім төгілген жерге жағып, бірнеше минут күтсеңіз болғаны. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Көлік саласы | Қазақстан Республикасы үшін көліктің жай-күйі мен дауы

КІРІСПЕ
«Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш» Шығыс мақалы
Жұмыстың мақсаты: Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты асу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесетін болады. Көлік жүйесін өңірлік дамыту ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Тіршілік, сені сүйемін)

Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.
Құлыншақтай кісінескен
Сенде жастық шағым бар.
Бұлдырап мені қу деген,
Толқыны меруерт ағын бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алтынды зерлі таңым бар.
Күлкісі күміс, құшағы от,
Қарақат көзді жарым бар
Аузын ашса бал тамған
Ақ маңдайлы жаным бар.
Бұрқана соққан жүрек бар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әрбір үйге қажетті дәрілер және алғашқы амалдар

1. Егер жарақат алып қалған жағдайда - иод, зеленка, перекись водорода;
2. Күйіп қалған жағдайда - бепантен, пантенол;
3. Түрлі жарақаттарға - мақта, бинт, лейкопластыр, эластикалық жгут;
4. Ауырсынуды басатын - Но-шпа, темпалгин;
5. Дене қызуын түсіретін - физиологиялық жолмен арақпен дененің лимфа түйіндер орналасқан аймақтарын ысқылау. Егер түспесе парацетамол, терафлю сияқты түрлі дәрілер, бірақ ескеретін нарсе парацетамол, терафлю сияқты дәрілерді қабаттасып қабылдай беруге болмайды. Себебі асқазанға ауырлық түсіп кері әсерін тигізеді. Дене қызуы себепсіз көтерілмейді, ол ауруға деген иммунитеттің жауабы, сол себепті кешіктірмей дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер негізгі ауру көзін анықтап, емін тағайындайды; ......
Кеңестер
Толық
0 0