Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

Қазіргі кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын ” қабылданғанын жатқызуға болады.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үй құстары

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары (слайд)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау. Оларды құстардың түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: үй құстарының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу және ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту. Әдемі, таза жазуға баулу.
3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, аң құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: саяхат сабақ, түсіндіру әңгімелеу.
Сабақтың түрі: “Мақта қыз бен мысық” еретігісі желісіндегі саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика
Көрнекілігі: Суреттері, “Мақта қыз бен мысық” еретегісіндегі кейіпкерлер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәлемдесу:
Мұғалім: Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі

Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі. Тыныс алу жүйесінің аурулары.



Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі

Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі

Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.

Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады. Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек......
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі

Кіріспе
ХX және XXI ғасырлар тоғысындағы ғылыми - техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны – оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда.
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы

Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы
1. Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы.
2. Үйсіндер қоғамының дамуы.
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын озық мәдениетті адам қалыптастыру.
Мұғалімге қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет.
1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

1 қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу.
Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл
Мінеки, достар, тағы бір
Өткізіп жазды дүбірмен
Құшағы толып гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!.....
Тәрбие сағаттар
Толық
1 0

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (ХV ғасырдан келген ақын немесе Жәркен жырау)

Өлеңіңнен Рухқа нәр табатын
Алты алашқа әуелден тәнті-ақ атың.
XV ғасырдан керуен бастап,
Жақсы болды-ау келгенің, Жәркен ақын!
Замандардан жан беріп, жан алатын
Айта отыршы бабалар аманатын.
Қайта тіктеп жатырмыз.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аралас сүйектер

Аралас сүйектер (лат. os mixtum; лат. os — сүйек, лат. mixtum — аралас) — қаңқаның қысқы жөне жалпақ сүйектер інің құрылысына тән қасиеттері ортақ сүйектер . Аралас сүйектердің тұрқы қысқалау және сәл жалпақтау болып келеді. Аралас сүйектерге омыртқалар және .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер


- Не анекдот?! Не анекдот?!

- Ау, айтайық та әуелі.

- Ал, айтшы арманда қалмай!

- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.

Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.

- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.

- Не, сен Брежнев пе едің?

- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!

- Сені біреу оқымаған деп жатыр ма?

- .....
Әңгімелер
Толық
0 0