Реферат: Психология | Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Т.Әлімқұловтың күйішлік өнер және көркемдік жинақтау

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты.
Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз.
Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ. Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға бейімделмеді.
Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы

Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын ұсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жұмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде, одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.
Қарапайым балаларсекілді, ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады.
Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру келесі түрдегі сәйкес педагогикалық мамандықтардың кең ауқымына ие: тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, мектепке дейінгі арнаулы педагогика, арнаулы психология.
Зерттеудің көкейтестігі: арнайы педагогика пәні бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметін толығымен, жан-жақты зерттеп, оны іске асыру. Педагог-дефектологтар оқушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі деңгейлерімен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін арнаулы білім беру мекемелерінде, балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда жұмыс істейді, олар индивидуалды оқыту мен тәрбие беруді жүзеге асырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Балаға ата тегін үйрету

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел-жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты - ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл–ойға қозғау салып адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жігіттің тұлғалық қасиеттері танылған.

Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу-ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі- жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз тәуелсіздігін алғалы қаншама заңдарды қалыптастырсада «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау» мәселесі өзекті болғандықтан осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 1-бабында осы Заң санаткерлік меншік саласындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді деп атап көрсетеді..
Авторлық құқық (ағылш. copyright) – адамның творчестволық қызметінің объективтендірілген нәтижелерін материалды емес объект ретінде қорғайтын құқықтық институт; ұлттық заңдар мен халықаралық конвенциялармен реттелетін азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады .
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі

Қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру эканомиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі эканомиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен эканомист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты
Тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өндірістік шығын жағдайының мәнін ашып көрсету, кәсіпорынның шығын жағдайын анықтаудың мүмкін болатын жолдарынның ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебінің ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі сүйікті пәндерім №1 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі сүйікті пәндерім №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және пәнді не себепті ұнататындарын айтады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0