Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз
құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын
құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық
құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды,
құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен
құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде
құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы
құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі.
Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.
Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген
құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін
құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана
құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар
құқық тұрғысынан
құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....