Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық жалпы сипаттама

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Азаматтық құқық — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады.
Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып қарағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, этникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1 . Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдіқ, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I — II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық құқық¬тық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға жеке тұлғалар(Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жжоқ адамдар), заңды тұлғалар,мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс.1964 жылшғы азаматтық Кодекспен салысстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшклігі сол,мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсеті,ндігі атап көрсетіл ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата –аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0