Жұмбақтар жауабымен: Құстар

Тал басында түндіксіз отау.
Ұя

Құрықсыз тұлпар ұстадым,
Кеште құр-құрлап.
Кеште тауықты ұясына қамау

Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын шатыр-томағасы
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Реферат: ҚҰСТАР

Жыртқыштардың көпшілігі омыртқалылармен қоректенеді, олардың тырнақтары ұзын, әрі өткір, әрі ілмек тәрізді. Тырнақтарымен олар аулайтын жемін ұстайды және өлтіреді. Тұмсықтары қысқа, мықты, оның ұшы ілмек тәрізді төмен қарай иіліп келген, онымен жыртқыштар жемін бөліктерге бөліп қоректенеді. Кейбірі өте жылдам ұшады. Олар ұшып бара жатқан құстардың немесе өте жылдам жүгіретін аңдарды ұстайды. Қейбірі калықтап ұшады. Ондай құстар биіктікте шеңбер жасай ұшып жүріп, төмендегі жемін аулап іздейді. Олар жұп құрып өмір сүреді, ірі күндізгі жыртқыштар өз жұбын өмір бойы сақтайды. Бұлар қызыл шақа балапан шығаратын құстар.
Әр түрлі сұңқарлар — дене мөлшері шағын және орташа, өте жылдам ұшатын жыртқыштар. Олардың ішіндегі көбірек танысы бектергі жер бетінде болатын тышқан тәрізді кемірушілерді, ірі бунақденелілерді аулайды. Адам үшін оның ерекше практикалык, маңызы бар.
Ертегілердегі айтылатын зұлымдық әкелуші кезқұйрық — шын мәнінде, аз қозғалатын бақалармен күнге қыздырынып жатқан кесірткелермен, өлген балықпен қоректенеді. Ол өзінің жемін биіктіктен айналып ұшып жүріп қарайды. Әр түрлі қырандар едәуір ірі жануарларды: үйрек, кұр, қоян, кіші тұяқты аңдарды ұстайтын ірі жыртқыштар.
Елімізде тіршілік ететін жырткыштардың ең ірісі — тазқаралар. Олар жоғары биіктіктен ұшып жүріп елекселермен қоректенеді. Олардың тырнақтары нашар жетілген (өйткені өлексемен қоректенеді). Оның есесіне тұмсықтары ете мықты, онымен едәуір ірі тұяқты аңдардың терісін тіле алады. СССР-де олар Қырым, Кавказ және Орта Азия тауларында кездеседі.
Тазқаралардын, денесі салмақты, жерде епетейсіз қимылдап, теңселіп жүреді, алайда бөгде құстарды өлекседен қуған кезде, олар шапшаң адымдап қозғалады. Жалпақ қанаттарын ұзақ уақыт қалықтап ұшуға бейімделген. Қанатын жазғандағы алымы 2,5 м болады. Тазқаралар ормансыз тауларда, жазық жерлерде өте жоғары биіктен жемтігін іздейді. Қозғалыссыз жатқан өлексені көре салысымен жыртқыш оған қарай құлдырай жөнеледі. Тазқараларды басының алдыңғы бөлігі мен мойнындағы өте сирек қауырсыны бар жері арқылы оп-оңай тануға болады.
Күндіз жемін аулайтын жыртқыштар ауыл шаруашылығында адамға көп пайда келтіріп, тышкан тәрізді кемірушілер мен знянды бунақденелілерді құртады. Енді бір тобы ауру және қартайған жануарды жою арқылы, олардың құрамын жаксартады. Олар сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапка тіркелген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар

Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
Ала мал

Үлгісіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Ала мал

Андыру мен мәндіру,
Тігісі жоқ қондыру.
Ала мал

Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
Желідегі биені емген құлын.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жануарлар, құстар туралы әңгімелер оқимын
Оқу мақсаттары: 2.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау
2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0