Телефон тұтқасын көтергенде "Аллоның" орнына басқа сөз айтып, әңгімелесушіміздің көңілін көтерейік. Әлбетте, бейтаныс нөмір хабарласқанда күнделікті "алломызды" айта берген жөн. Бұл тәсілді әзілдеріңіз жарасқан құрбы-құрдас, дос-жаранға қолдануға болады. Мынадай қызықты тізім жасап көрдік.
Биыл – ел егемендігіне 26 жыл! Бұл күн әсіресе мен үшін және Тәуелсіздіктің құрдастары үшін ерекше мейрам. Дүниеге шыр етіп келген күннен бастап «тәуелсіз елдің ұрпақтары» деген аталы сөзді естіп өстім. Батыр ата-бабаларымыздың тәуелсіздік пен азаттық жолындағы ғасырлар бойғы күресін тарихтан оқып білдім. Қаншама баһадүр бабаларымыз қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етті десеңші. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы орындалды. Тәуелсіздіктің ақ таңы атты! Ширек ғасырдан астам тарихы бар Қазақ елі бүгінде қарқынды дамып келеді.
Тәуелсіздіктің құрдасы атану мен үшін үлкен мәртебе, бақыт және мақтаныш! Мен 1991 жылғы бірінші маусымда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Үйде жеті қыз және бір ұл болып өстік. Менен кейін әулетімізде көптен күткен інім дүниеге келді. Бүгінде ол қара шаңырақтың иесі. Әкем жұмысшы, анам «Батыр ана». Қазіргі таңда анам зейнеткерлікке шықты. Мен 1997 жылы Сарға ауылындағы Ә.Жанкелдин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына бардым. Білім ордасын 2008 жылы жақсы аяқтадым. Мектеп қабырғасында жүргенде ұлағатты ұстаздардан тәлім алдым. Арманым сол кісілердей бала жанының жанашыры, ақылшысы, бағбаны болу еді. Сол жылы Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжіне оқуға түстім. Онда «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алдым. Қасиетті қара шаңырақта оқып жүріп, қоғамдық шараларға белсене атсалыстым. Қолымнан келгенше қасымдағы достарыма көмектестім. Оқу ордасын 2011 жылы абыроймен тәмамдадым. Қолыма дипломымды алып, туған ауылыма бардым. Алғаш еңбек жолымды «Сарға бөбекжай» балабақшасында тәрбиеші болып бастадым. Балғындардың былдырлағын тәтті тілдерімен қылықтарын көре жүріп, жақсы тәрбие беруге тырыстым. Жаман нәрседен аулақ болуға шақырдым. 2011-2015 жылдары аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қ.Жұбанов» атындағы мемлекеттік университетінде екі жыл оқып, жоғарғы білім алдым. Бүгінгі таңда Ә. Жанкелдин атындағы орта мектепте дайындық сыныбының мұғалімі болып қызмет етемін. Жұмыс жасап жатырғаныма үш жыл болды. Осы уақыт аралығында бірнеше мәдени шараларға қатысып, жүлделі орындарды иелендім. .....