Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.


Тұрмыстық зорлық-зомбылық – мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Қазақстанда да осындай мәселе орын алған. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі.


Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз.


Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады.

Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
5,5 -2,5

Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

1. Құрбан сөзінің анықтамасы:

Араб тілінде:

Тілімізге еніп кеткен «құрбан» сөзі араб тілінде – «жақындау» деген мағынаны білдіреді.

Терминдік мағынасы: Алла Тағаланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты[1].

Кеңестер
Толық
0 0

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға (Құрбандық шалғанда не айту керек?)

Құрбандық шалудің реті мынадай: малдың аяқтарын байлап, сол жағымен құбылаға қаратып жатқызып, мына дұғаны оқиды: «Аллаһумма һәзә минкә уә иләйкә, фатақаббәл минни», қазақша мағынасы «О, Раббым, мұны Өзің бердің, әрі Өзіңе арнап отырмын, менен қабыл ете көр». Дұғаны айтып болған соң, «Бисмиллә, Аллаһу Акбар» деп тамағынан бауыздайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «...Құрбан шалатын адам пышағын жақсылап қайрасын, малды қинамай жұмсақ бауыздасын», – деген хадисін ескеріп, ертерек дайындалған дұрыс. Малдың өңеші мен екі күре тамыры....
Дұғалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Құрбан айт

Құрбан айттың таңы атты таңды оқыдық тізіліп,
Жүйкемізді жұлмалайды желден жүйрік жүз үміт.

Кейбіріміз осы жерден Жамараттың ап тасын,
Ақ шатырлы ақ қалаға қайта бұрдық...
Өлеңдер
Толық
22 -14

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Мейрамдардың сұлтаны Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың бес парызының бірі.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.

Фото с сайта rus.azattyq.org
Фото с сайта rus.azattyq.org

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.

Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.

Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.

Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.


Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Жаңалықтар
Толық
12,5 -7,5