Тақырыбы: 1 Қыркүйек – Білім күні (Мен оқушы атандым!)
Мақсаты:Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру. Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.
Мұғалім: - Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Қадамдарыңа гүл бітсін. Білім әлеміне қош келдіңіздер. Айқара ашқан есігін Қайнары білім нұрының Мектебің алтын бесігің Жылы ұяң, міне сыныбың........
Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету. Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер. Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.
Барысы: І. Кіріспе бөлім. Мемлекеттік әнұранды орындау. Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)......
Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)
Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші. Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. Ендігі кезекті балаларға берейік........
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру. Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.
Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын! Туған жер төсін тербеткен Өмірдің бейбіт шағы бұл Мінеки, достар, тағы бір Өткізіп жазды дүбірмен Құшағы толып гүлдермен Білім нәрін алуға Бақшаға келді балалар!.....
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып....