Махаббат хикаясы: Эххх..... өкiнiштi....

Бір күні кешкілік уақытта бір жас жігіт өзінің көлігімен жұмысынан келе жатыр екен. Оның сол кездегі көңіл-күйі тамаша еді! Оған да себеп бар, өйткені оны 2 демалыс күн күтіп тұрған. Көктем еді. Көшеде қаптаған қыдырып жүрген адамдар. Бір мезетте, оның машинасы бірдеңеге тірелгендей болды…

Ол лезде тормоз беріп, мән жайды білуге машинасынан шықты. Оның машинасының қасында қағылған 11-12 жасар бала жатыр екен… Ол бала еш қимылсыз жатты. Құжынаған адам қағылған баланың қасына тез жинала кетті. Араларынан біреу пульсын қарап: «Бұл бала тірі! Тезірек ауруханаға жеткізу керек!» деген аз да болса жұбатарлық хабар айтты. Әлгі жігіт баланы өзі апармақшы болып, салонына баланы жақсылап орналастырды да, дәл оқиғаның болған жерінен алыс емес бұрыштағы ауруханаға апарды. Ауруханада ол бір дәрігерді ұстап алды да мән-жайды түсіндірді. Баланы дәрігерлер «приемный покойға» апарды......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...
Бұл от кептен көкірегімде лапылдап
Жанып тұрған махаббатым, қарағым,
Қыздырды оны сенің даусың саңқылдап,
Дәл шағырмақ ыстығыңдай даланың.
Қайда көрдім, қайда естідім үніңді?
Туысқаным, өзің айтшы қинамай!
Бар келбетің көз алдымда бүгінгі...
Тоқтамаймын сені білмей, жырламай...
Кім еді деп, сұрамадың атымды
Отандасым деген жалғыз сезіммен,
Бек таныдым... қоштасқаның ақырғы—
Міне есіме түсті сенің сөзіңнен........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Қызғалдақ)

Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,
Кім білді,
Бұл сырды!
Қызғалдақ жерде,
Күн көкте.
Жайды алақан
Не сұрады?
Неге сонша жалынды?
Дүние мәз,
Па, шіркін, жаз.
Күн жігіттей
Көзбен атты
Қызғалдақты.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Қандай бақыттысыз!

Ол — өте әдемі, әрі пысық келіншек еді. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын — жол апаты салдарынан, өмір бойы көзі көрмейтін зағипқа айналды. Операциядан соң, әйелінің соқыр болып қалғанын естіген күйеуі «— Оны ешқашан тастамаймын. Аяғына дейін қолдау көрсетемін» деп, өзіне сөз берді. «— Күйеуіме жүк болдым. Ауыртпалық салдым» деп, ойлай ойлай, әйелінің денсаулығы нашарлай түсті. Ал күйеуі болса, әйелін тез арада депрессиядан шығару керектігін ойлап, психолог мамандардың көмегіне жүгінді. Өйткені, жас әйел күннен күнге өзімен-өзі болып, ешкіммен сөйлескісі келмейтін. Ешқайда шыққысы келмейтін тұйық мінезді болып кетті. «— Әйеліме қалай көмектессем екен?» деп, жолдасы көп ойланды. Ақыры ескі жұмысы есіне түсіп, әйелінің тез арада жұмысқа кіруіне көмектеспек болады. Бірақ, сәл нәрсеге ренжіп қалатын, тез жылап қалатын, үйде көңілсіз отырғысы келетін әйеліне — оны қалай айтсын?!

Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады. Әйелінің үрейі ұшады.

— Мен соқырмын, білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істей алады дейсің? — деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа апарып, кешкісін жұмыстан өзі алып кететінін айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі. Өйткені, күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтып жүрді. Көңіл күйі жақсара бастаса да, бұрыңғыдай әлі ашық, жарқын емес-ті. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні:.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Махаббатсыз әйел

Уақыт... 28 жыл... Сол бір күндер көз алдымнан тізбектеліп тағы бір өтті. Жастардың әңгімесі ескі бір жараның аузын тырнап, қан жылатты. Иә, уақыт өтсе де адамның жүрегінде қалған сезім ешқашанда өшпейді. Студенттік күндер... Ол жігітті алғаш көргеннен жаныма жақын тарттым. Кездескен сайын біртүрлі мазам кетіп, жүрегім тулап, кеудеме сыймай кететін болды. Жаксы дос, сырлас болдық. Оның сүйгені барын білдім. Қара түнекке оранғандай күй кештім. Бірақ оған ешнәрсені сездірмей, қуанышына шын көңіліммен ортақтастым. Сүйгені басқа қалада оқ иды екен. Бір күндері оның ұнжырағы түскен, көніл-күйінің жоқ екенін байқап қалдым. Содан аңгімеге тартып, жағдайын сұрадым. Сүйгенінің дұрыс сөйлеспей жүргенін айтты. Екеуміз почта бөліміне барып, қоңырау шалдық. Қызы кешірім сұрап, тұрмысқа шыққалы жатқанын айтты. О, Алла, сол кезде өмірімде алғашқы рет ер адамның козіне жас алып, қайғырғанын көріппін. Ол үшін жаным қатты ауырды. Бар жан-тәніммен оның жарасын жеңілдетуді ойладым. Сөйтіп достығымыз күннен-күнге ұлғайып, арамызда бір керемет нәзік сезім пайда болды. Өмірде менен өткен б ақытты қыз жоқ болып көрінді. Достары да мені сыйлап, ерекше құрмет көрсетті.

Бірақ...!!! Әттең...!!! Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық еткен екен!.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Әйелдің қолынан бәрі келеді!

Мұнан жиырма жыл бұрынғы бір жәйт есіме түсіп отыр. Бір танысым алты қыздан кейін ұлды болып, бесіктойға бардық. Сондағы әкенің қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Торсық шеке ұл сүйген ананың да бақыттан басы айналып жүргені анық. Осы отбасының мұнан бір жыл бұрын шаңырағы ортасына түсуге шақ қалғанын біреулер білсе, ендігі біреулер тіпті күмәнданбас. Оның тарихы былай.

Жанармай құятын стансада оператор болып істейтін. Тимурмен 90-шы жылдардың басында танысқам. Сол тұста жанармай құятын станцияда танысың болмаса, көлігің жүрмей қалатынын мұндайды басынан кешкендер жақсы біледі. Екеумізді таныстырған сол мұқтаждық еді десем, өтірік емес.
Бір күні бекетке барсам, Тимур ішіп отыр екен. Әйелімен ажырасатынын айтты. «Кім кінәлі?»
- Мен кінәлі, - дейді.
- Не бүлдірдің?
- Көзіне шөп салдым… - Тимурдың алты қызы барын білетінмін. Келіншегі де бір аяулы жан.
- Не болды? Қалай болды? Түсіндіріп айтсаңшы, - деймін қапелімде ыңғайсыз күйге түсіп.
Оның әңгімесінен ұққаным – бекеттің жанындағы бір үйде күйеуі қайтыс болған келіншек тұрады екен. Сол әйел шелегін көтеріп, бекеттегі колонкадан су алуға жиі келіп тұрады. Сөйтіп жүріп, бұл екеуінің таныстығы достық шеңберінен шығып кетеді. Күйеуінің жұмыста көңілдесі бар екенін «жанашыр» адамдар Тимурдың әйеліне жеткізеді. Ол айғайға басып, күйеуін үйден қуып шығады.
- Енді қайтпексің?.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: Қызықты қысқы демалыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай

Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.

Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Жүрек қайғысы

Бірінші курсқа жаңадан аяқ басқан кезім.Сол күндері демалыста ауылға ат басын бұрып барып қайтқым келді.Үй ішін анамды, сағынған едім.Жексенбі күні,түстен кейін,сағынышым басылмасада қалаға жол тарттым.Басты жолда такси ұстадым.Көліктің алдындағы орындықта отқанмын, артына көз салмаған едім.Артынан бір әсем дауыс естілді.Бұл дауыстың жағымдылығы сондай,жан тәнімді баурап алды.Артыма қарай қалсам Майра екен.Ал ол мені таныған жоқ.Оған таңданғанымда жоқ.Өйткені онымен әлеуметтік желіде танысқан едік.Талай түнді сөйлесіп, ұйқысыз өткізгенбіз.Бұл Майрама? деп әлі өзіме сене алар емеспін.Оның ұялы телефонына қоңырау шалдым.Өз көзіме өзім сенбей.Көздерім алдамаған екен.Ал енді қалай әнгімеге тартсам болады? Деген ой келді.Кейінше қалаға жеткен кезде сөйлесерміз,деп.Ұйқтап қалдым.Біраз уақыт өтті.Қалаға келген едік.Жүргізуші түртіп оятып алды.Артыма қарасам бос тұр,жүргізушіге жолақысын төлеп,айналадан Майраны іздедім.Әлі ұзай қоймапты.Жүгіріп жетіп:
- Сәлем Майра,
- Сәлем танымадым
- Менғой Мирас вкдағы.
Ойланып тұрып
- А Сәлем мұнда не істеп жүрсің?
- Ауылдан келе жатыр едім өзіңше?.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Махаббат бәрін жеңеді!!!

Жүрегімді жаулаған жігітпен мен 2009 жылдың 28 шілдеде танысқанмын. Сол күнді өмірімнің соңына дейін ұмытпайтын сияқтымын.Ендеше басынан бастап баяндап берейін. Сол күні әдетімше құрбымның үйіне соққанмын. Есіктің қоңырауын басқан соң құрбым да сыртқа шыққан. Оның ауылдан інісі келгені жайында айтып тұрған. Сол кезде жанағы інісі де сыртқа шыққан.Құрбым бізді сол кезде таныстырған,мен оны ұнатпақ түгілі – бетіне қараған жоқпын.Сосын құрбым мені үйіне шайға шақырды.Үшеуміз отырып шәй ішіп, біраз әңгімелескенбіз.

Содан кеш батып кеткен соң құрбым мені шығарып салам деп бірге үйден шықтық артынан жаңағы інісі де шыққан. Содан ойымда ештене жок мен үйіме кіріп кеттім. Ертесіне үйде отсам кешегі құрбымның інісі маған телефон шалды екеуміз жай сөйлестік,мен тіпті көп сөйлеген де жокпын. Ол менің логинимді де сұрап алды. Ертесіне ол ауылға кетті. Содан бастап екеуміз көп сөйлесетін болдық. Бір-бірімізді жаксы түсінетінбіз. ОЛ ауылда мен қалад а қиын болса да мен осындай махаббатқа көндім. Себебі оны шексіз сүйдім. Бұрындары ондайды біреуден естісем сенбейтінмін ғашықтар бірге болу керек деп ойлайтынмын. Содан кейін барып түсіндіп махаббат бәрін жеңеді екен тіпті үлкен қашықтықты да......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0