Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қойма қызметкерлеріне арналған АЖО жетілдіру

КІРІСПЕ
Автоматтандырылған жұмыс орны - ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады. Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен, оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір арнада жұмыс істеу құралдарымен, жергілікті есептеуіш тораппен және т.б. АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған, автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына, сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде «өзіміздің» сәйкес мәліметтер базасын қолдану.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сәкеңнің кітабы

Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім алып келген. Сонда Сәкеңнің елдің ішінде тек қарт әке-шешесі ғана тұрса керек. Сәкең кейін оқуын бітіргенде сол қалада қызметте қалуына мол мүмкіндік туып тұрғанына да қарамастан, қарттарына алаңдаса керек, елге оралады. Сәкеңдей білімді жігіттер елдің ішіне де керек болып тұрған ғой.

Сәкең келе еңбекке кіріседі. Елдің аруына қосылады. Обалы не керек, Сәкеңнің сүйіп алған жары Сәкеңнің ата-анасына бәйек болып қызметін жасапты, күтіп-бағыпты, қас-қабағына қарапты. Кейін қарттар өмірден өтерінде келіні мен баласына алғысын жаудыра-жаудыра өткен деседі. "Ата-анаға қарасаң, Сәкеңдердей-ақ қара-ау!" деп елдің аңыз қылатыны да содан ғой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Бабаның оралуы


Өмірі түрен тимеген сайдың қабағына соқаның өткір тісі тірелгенде жер дір-дір етіп ыңырсығандай болды. Бірақ оны ешкім естіген де, елеген де жоқ. Жасына жетпей қарны шеңбірек атып, үрлеген шардай дөңгелене шығып кеткен тапал жігіт, «К-700»-тың гүрілінен асыра айқайлап, тракторшыға:

— Тарт! — деп бұйырды.

«К.-700» гүрілдей берді, жер ыңыранғанын қоймады.

Трактор үшінші айналымға көшкенде, сайдың қабақ тұсынан соқалардың жойқын тісінен найзағайша от жарқылдады: Артынша «К-700»-тың моторы сөніп, үні өшіп қалды. Тракторшы жерге секіріп түсіп, моторға үңілді.

Шетте тұрған қамыс қалпақты, шеңбірек қарын:

— Не болды? — деп зәрлене айқай салды.

Тракторшы үндемеді. «К-700»-тың ішек-қарнын түгел тінтіп шықты. Ешқандай ақау таппады.

— Ей, ақымақ, ана соқаны қара, мүмкін тасқа тіреліп қалған шығар, жаңа от жарқылдады ғой, — деді шеңбірек қарын.

Тракторшы жігіт үндеместен барып, соқаның жарқырауық тістеріне үңіліп көріп, еңкейіп, топырақтың астынан жарты құлаштай жілік сүйектің сынығын алып шықты.

Шеңбірек қарын топырақ жұққан сүйекке қолын тигізбей:

— Таста жерге! — деп бұйырды тракторшыға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ә Бөкейхановтың қызметі

Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты.
Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады.
Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды.
70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.
Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды.
Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады.
Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Каспий теңізіндегі қызыл балық

Қазір Капшағайла жылына 4-5 мың тонна балық ауланады. Бұқтырмала көксеркенін (судақтың) өзі мың тоннаға дейін ауланады. Шардарада да сондай. Соңғы кезде ихтиолог-ғалымдар бұрын балық өсірілмеген 250 мың гектар су алқабын зерттеді, қазір оларда амур және дөңмайдан (толстобик) секілді балықтар өсіріледі. Суда шөп қаптап кетсе, ол жерге дөңмайдан сияқты шөп жейтін балық жіберіледі. Көксерке, шортан — ұсақ балықтарды жейтін жыртқыштар. Шортанға өз алдына жеке су қажет. Ғалымдар соның барлығын реттеп отырады. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды әрмен қарай жалғастыру қажет.
— Биыл еліміздің ғылымында түбегейлі реформалар басталды. Мақсат — биотехнология, нанотехнология, ғарыш саласы, атомдық технология және геология мен кен байлықтарын зерттеу сияқты бес салаға айрықша басымдық беру. Десе де, ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығы, медицина және экология сияқты маңызды салалар ескерусіз қалып, таңдалып алынған салалар өзге ғылым салаларының аясын тарылтып тұрғандай. Мұның астарында ел мүддесінен гөрі, жекелеген топтардың мақсаты басымдау көрінеді маған.
Біздің ел — аграрлық мемлекет. Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады және олардың негізгі кәсіптері егін егу, мал бағу және балық аулау. Ауылда тұратын жеті миллион халықтың шамамен жарты миллионы балық аулаумен нан тауып отыр. Қазақстан бидай өсіру мен оны экспортқа сатудан дүние жүзінде алдынғы бестікке кірсе, бекіре тектес құнды балықтың әлемдегі қоры жөнінен алғашқы үштіктен орын алады. Ел халқының жартысының тіршілігіне тікелей қатысы бар осы салалардын, басымдық берілуге тиіс ғылымдар тізімінен тыс қалуы бұл реформаның мәнін төмендетіп жіберген сыңайлы. Болашақта жаңа реформа елдің стратегиялық мәселелерін шеше алмауы мүмкін. Жалпы қазаққа пайдасы жоқ мұндай реформаның елге қажеті бола қояр ма екен?.. Реформа кұрдымға кетпеу үшін қазақтық төл кәсібі — ауыл шаруашылығын міндетті түрде басымдық берілген ғылымдар қатарына енгізу қажет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Жанат Аймұхамбетова Әскербекқызы (1966 жылы 1 қаңтар)

Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, (1966)

Еңбекжолы
1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.

1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Тынышсыз қонақ

Орман күзетшісі Артемнің қисайған жатаған үйіндегі үлкен қоңыр иконаның түбінде екі кісі отыр, біреуі беті егде тартқан адамның бетіндей қатпар-қатпар, шоқша сақалды, әрі аласа, әрі арық. Бұл - Артемнің өзі. Екіншісі - аяғында сазға киетін үлкен етігі мен үстінде қырмызы жаңа көйлегі бар, жол-жөнекей келіп отырған бойшаң, жас аңшы жігіт. Олар үш аяқты кішкене үстел басындағы отырғышқа жайғасқан, үстелде бөтелкенің аузына тығып қойған май шам сықсиып жанып тұр.

Тыста түн қараңғысында алай-дүлей дауыл соқты; әдетте күн күркіреп, найзағай ойнар алдында табиғат осылай буырқанушы еді. Жел ышқына ұлып, иілген ағаштар ауру адамдай ыңыранады. Терезенің бір әйнегі қағазбен жапсырулы екен, үзіліп түскен жапырақтардың сол қағазға тиіп, тырсылдағаны естіліп тұр.

Артем аңшыға, қорыққан кісідей кірпік қақпай қарап, баяу, жіңішке дауыспен ақырын ғана сөйледі:

— Құдайдың пендесі - саған мынаны айтамын, мен қасқырдан да, аюдан да, аңдардың қай-қайсысынан да қорықпаймын, тек адамнан қорқамын. Мылтық пен қаруың болса, аңнан құтыласың, ал бұзық адамнан құтылар амалың жоқ.

— Әрине! Аңды атуға болады, ал қаныпезерді атып көр, өзің пәлеге қаласың, Сібірге айдаласың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Данагүл Темірсұлтанова Қайырсапқызы (1964 жылы 9 мамыр)

Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова (1964 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Республика жұртшылығына "Тамаша" әзіл-сқақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист.
Данагүл Қайырсапқызы 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген.
1983 - 1987 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының "театр" бөлімін КСРО Халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітірген.
1987 жылы жолдамамен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамыа алынады. Сол жылдан бастап оыс қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
1989 жылы "Тамаша" әзіл-сқақ театрына Лұқпан Есеновтың шақыртумен келеді. Осы кезден бастап республика жұртшылығына кеңінен таныла бастайды. ...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0