Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар


1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Меңіреу мұнар

— Кармен екі күннен әріге бармас.

Мэйсон аузындағы мұзды түкіріп жіберіп, қиналып тұрған хайуанға қынжыла қарады да, иттің, табанын аузына апарып, тырнақ арасындағы түйір-түйір мұзды тісімен қытырлатып тағы уата бастады.

— Адам қызығарлық ат қойған осындай иттердің талайын-ақ көріп жүрмін, соның оңған біреуі болсайшы,— деді ол, аяғын мұздан арылтып болған соң итті итеріп жіберіп.— Бұлар осылай қақтығып жүріп-жүріп, ақыры бір күні өледі. Сен кәдімгі Касьяр, Сиваш немесе Хаски деген иттің қырсыққа киліктіргенін көрдің бе? Көрмеген боларсың! Мынау Шукумді алайықшы, ол...

Арс еткен аш төбеттің ақсиған тістері Мэйсонның алқымына қадала жаздап-ақ қалған еді.

— Әй, мынауыңа жол болсын?

Шыбыртқының сабымен құлақ шекеден періп жібергенде, ит қарға жалп ете түсті; дір-дір қаққан иттің тістерінен сары сілекейі тамшылады.

— Мынау Шукумге қарашы. Шукум әсте сыр беріп көрген емес сабаз. Ол аптаның ақырына дейін осы Карменді жейді, осыған бас тігем.

— Біз,— деді, Мэйлмют Кид отқа жібітіп отырған нанын айналдыра түсіп,— біз барып жеткенше сол Шукуміңді өзіміз қаужап қоярмыз деймін, мен осыған бәстесер едім. Сен бұған не дейсің, Руфь!

Индей әйел кофе тұнсын деп, шәйнекке бір түйір мұз тастады да Мэйлмют Кидтен көзін төңкеріп күйеуіне, онан иттерге қарады, бірақ тіл қатпады. Дау жүрмейтін жерге дәлел айтқысы келмеген тәрізді. Иә, бұларда өзге ылаж қалды ма? Алдарыңда елсіз-жолсыз 200 мильдей алыс сапар, қолдарындағы азығы небәрі алты күнге жетпек, ал ит азығы болса, ада болған.

Екі аңшы мен әйел үшеуі отқа жақындай отырып, тақыл-тұқыл тамақтарын жеуге кірісті. Сәске кезіндегі аз ғана кідіріс еді бұл, иттердің әбзелі ағытылмаған. Жегуімен жатқан иттер тамақтанып отырған кісілерден аш көзін алмай телміре қарайды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу Көне қалалар (3 сынып, II тоқсан )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері.
Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Көне қалалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақ мақсаттары: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақ құрастырады;
сұрақтарға жауап береді; туынды сөздерді табады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың шығармалары қоғамдық-саяси қызметі

КІРІСПЕ
Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.
Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.
Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.
КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.
Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.
Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.
Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Еңбек рыногының қызметі

Еңбек рыногы ( жұмыс күшінің ) – капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. ХЕҰ сарапшылары жазғандай, «кәсіпкерлер мен еңбекшілер жалақыға және еңбек шарттарына қатысты ұжымдық немесе жеке келіссөздерді бірге жүргізеді».
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық . Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілеттің ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылық еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жәнеде жақын болашақта жалданатын еңбек резервтеріне жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Демек еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қаблеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ..
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үщін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет:
- еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы,жұмыс берушілер және олардың одақтары,мемлекет және оның органдары)
- субъектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар,шешімдер мен заң нормалары
- рынок механизмі(жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс,оның бағасы,бәсекелестік)
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер
- рынок инфрақұрылымы
Еңбек рыногының екі түрі бар:
1. Жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген,яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
2. Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Масс медиа ықпалы

БАҚ-тағы бір мақаладан үзінді:

1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Өлік


Тамыз айының тынық түні. Жер бетінен баяу ғана көтерілген тұман көз көрер жердегінің бәріне буалдыр пердесін жапқан. Көлкіген тұман ай жарығында, біресе тыныш жатқан шалқар теңіз сияқтанып, біресе зәулім ақ дуал сияқтанып көрінеді. Ауа дымқыл, салқын. Таң әлі алыс. Орман жиегіндегі ауыл арасы жолынан бір қадамдай шетте өлімсіреген от жылтылдайды. Сол жерде, жас емен ағашының түбінде, басынан аяғына дейін жаңа ақ кенеп жабылған өлік жатыр. Төсіне үлкен ағаш икон қойылыпты. Өліктің жанында, жолдың тап жиегіне таяу, шаруалардың мойнына артыла беретін міндеттердің ішіндегі ең бір ауырын атқарып, екі "нәубетші" мұжық отыр. Олардың біреуі - үстіне жыртық шолақ тон, аяғына шабата киген, тебіндеген мұрты бар ұзын бойлы, қою қара қасты жасөспірім жігіт, дымқыл шөптің үстінде екі аяғын көсілтіп салып, уақытты жұмыспен қысқартуға кірісіпті. Мойыны сорая солпиып, мұрыны шуылдап, дардай бір буылтық ағаштан қасық жонып отыр. Екіншісі - бет-аузы мыжырайған, селдіреген мұрты, шошайған теке сақалы бар, арық, бұжыр кішкене ғана мұжық, қолын екі тізесіне қойып, селт етпестен, алдындағы отқа мөлие қарап қалған. Өшуге айналған оттан екеуінің де бетіне қызғылт сәуле түсіп тұр. Төңірек тып-тыныш. Тек пышақ жонған ағаштың сықыры мен су отынның жанып пышылдағаны ғана естіледі.

— Сен, Сема, қалғымасайшы, — дейді жасы.

— Мен... қалғып отырғаным жоқ... — дейді оған теке сақал. :

— Сөйт... Жалғыз қорқамын, тіпті құтым қашады. Тым болмаса әңгіме айтсаңшы, Сема!

— Жоқ... білмеймін... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бір саясаттанушыға

Ана елдi жау дедiң,

Мына елдi жау дедiң,

Қанқұмарлар бiздi де

Қалдырмайды сау дедiң.



Үрейге толы сөзiңмен

Бездiрiп тындың, ақыры,

Тыңдаушыны өзiңнен.

Балапан партиялар



Ана бiр жылы желдi күндей көтерiлген еңсесi,

Партиялардың көбiнiң

Таба алмадым кеңсесiн.

Құдды құмға сiңiп кеткен судай ма?



Әлде олар өздерiне қолайлы

Сәтте ғана жалаулатып шулай ма?

Болады екен мұндай да.

Өкiнбеңiз, алайда



Сайлау жақын қалайда

Балапандар тастап шығып ұясын,

Құлағына сайлаушының

Бағдарламаларын жарыса құятын



Кез де туар орайлы.

– Негiзiнде, –дейдi жұрт,

– Балапанды күзде санау қолайлы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Тест әдісі

Мектеп бітірген жылы үлкен ағасы бұған өзі де ұнатып қалап жүрген әдебиеттің оқуына барғанын қолдап, кеңес бере отырып, "оқимын деген адамның бәріне заң ортақ қой" деген еді. Ағасы айтса, айтқандай-ақ, сол жолы өзі қалаған оқуына түсе алды. Соңғы курста жүргенде, тарих мамандығына деген қызығушылығы оянды және болашақта осы мамандыққа тапсырып көруге деген мақсат қойды.



Мұғалімдік жұмысқа орналасып, оның алғашқы жылын өткізді. Сонан соң ойға алған мақсатына сай, құжаттарын дайындай бастады да, бірақ ішкі ойы одан гөрі құқық мамандығына тапсырып көрсем деген ойға тіреле берді. Бұл жолы апасына ештеңе дей қоймады, айтсам, келісімін бере қоймас деп ойлағаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0