Әңгіме: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы туралы


Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауынан қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавит пен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық бірлік

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адамдар, ұлттар, түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулық ішінде өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді. Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш. Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек. Бұл орайда Елбасымыздың атқарып жатқаны еңбегі зор. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстан – 2050», секілді жоспарлары осы жолда жемісін беруде. Сондай-ақ ұлттық бірлік пен ұлттық мақсаттарды уағыздауда және іске асыруда тек саясаткерлер емес, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жалпы халық бір ауыздан ат салысуы қажет. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Аяқталмаған сапар

Жаңа өзен қаласынан таңғы салқынмен шыққанбыз. Күн күйдіріп, сары аңыз тартқан бұйрығыңды, жусанды қу даланы тіліп өтіп, алысқа тартқан тақтайдай тегіс асфальт үстінде «Волга» машинасымен зулап келеміз. Қасымда Өзен, мұнай кәсіпшілік басқармасының бас инженері Стремский мен №1 кәсіпшіліктің аға геологы Проденко бар. Бағытымыз Шевченко қаласы, мақсатымыз күн қызбай тұрып, Шевченкоға жетіп, Министрлік Бас басқармасы басшыларының қатысуымен сағат 10-да басталатын үлкен техникалық жиналысқа қатысып, кешкі салқынмен кейін оралу. Көңіліміз көтеріңкі. Әншейінде көп сөйлемейтін Проценко да сөзге жиі араласып келеді. Денеңді шыжытқан ыссыдан, көз аштырмай, дем алдырмай дамылсыз соғып тұратын аңызақтан ығыр болған адамдарға мынау аз уақыт таңғы салқын самал мен теп-тегіс асфальт жол кең тыныс бергендей, еріксіз көңілді шалқытады.

— Шіркін біздің Маңғыстаудың, осы түнгі, таңғы салқыны ай! — деп рахаттанады Проценко.

— Иә күндіз қанша қиын болғанымен кешкі самалдан ертеңгі сәскеге дейін тамаша-ақ! — деп қостайды Стремский – Оңай олжа емес, біздің Маңғыстау... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ

КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу

Тақырыптың өзектілігі. Қаржылық менеджменттің қазіргі даму жағдайында коммерциялық фирманың әмбебаптану дәрежесінің арту талабы қойылады. Фирма қызметінің қаржы-фирмалық қызметтердің әр түрлі салаларына енуі, соның ішінде фирма қызметтерін дамыта отырып жаңа фирмалық қызметтерді енгізу - өзгермелі қаржылық салаға коммерциялық фирмалардың бейімделінуінің, нарық сегменттерінің басымды салаларын құрудың шешуші жолдарының бірі болып отыр.
Осы шартта коммерциялық фирмалар банк нарығына несиелік өнімдер мен түрғын халыққа қызметтердің көптеген түрлерін жасап үсынуда. Мүндай жағдайда қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін анықтап отыру және оларға деген сүранысты зерттеу қажеттілігі туындайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (2 сабақ) (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (2 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Жұлынның құрылысын сипаттай алады;
• Жұлынның қызметін түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өңірдегі медиасауаттылық жүйесін дамытуға арналды

Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.

Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.

Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы - ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.

Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.

Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.

Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.

Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», - деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.

Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.

Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген кеңестер айтты.

Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.

Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.

Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», - деген пікірмен аяқтады.

А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.

Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.

Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

филология ғылымдарының докторы

Назгүл Шыңғысова .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Әнші Шақтай Айдындағы аққулар

Көршіміз, Шақтай ақсақал,әлдене толы көнетоз сөмкесін арбаға салып жатып шешеме:

— Бәйбіше, ақсақалың бүгін түске қарай келіп қалар,- деп ескертті.

— Өзіңіз жол жүріп...

— Иә, жұмыс қой фермаларға барамын,- деп арбасына отырып, қыр асып бара жатты. Араға 3-4 күн салып оралды. Ал бұл тұста Қатынкөлге жайлауға көшіп келген құлағалы тұрған балағандарға жайғасқан. Қойлы ауылдың адамдары кәдімгідей-ақ ен жайлауда серпіліп, сергіп қалғандай еді. Әкем кешкі шай үстінде: «Шақаң ертең қозы суарам дейді. Сен де көмектес»,- деген.

Ертеңгісінде құлқын сәріден ауылдың үлкендері де, кішілері де осында еді. Тек олардың арасында Шақаң көрінбеді. Бірер сағаттан соң қозыларды бөліп те болдық. Отар өріске беттеді. Қойлар да, қозылар да жақ жаппай маңырап, айнала төңіректі азан-қазан етіп жіберді. Ауыл әйелдерінің бірі Шақаңа хабар салуға кетті. Әлден соң әлгі әйел екі шелекке құйылған суға араласқан дәріні алып, Шақаңды ертіп келді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Дипломатиялық қызметтің тарихи

“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады.
Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі – оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды. АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып отырды.
Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық мағынасына ие болған және солай болмақ та. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0