Реферат: Әдебиет | Айша Ғарифқызы Ғалымбаева қазақ суретшісі

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.
Айша Ғарифқызы жарық дүниеге келісімен-ақ айы оңынан туған адам. Оның туған ауылы Алатаудың бөктеріндегі табиғаты таңқалардай тамаша жерде. Киіз үйдің ішіндегі алуан түске боялған ою өрнектің, бір-біріне ғажап жарасым тапқан әр бұйым, әр заттың өзі жаныңды жып-жылы нұр шуағымен жылытқан сұлулық әлемінің тұтас бір әлеми кеңістігі тәрізді. Ісмер әже Айшаға жас күнінен өз қолынан келгеннің бәрін үйретті. Тұнып тұрған табиғат тамашасы мен жылы ұяның сұлу ырғақ, әсем бояуы бірте-бірте болашақ суретшінің жан дүниесін мөп-мөлдір, тұтас бір тұнығымен баурап алды. Одан соң бұл ғажайып дүние, сиқырлы сурет оның полотноларында бейнелі көрініс тапты. «Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біздің мирас еткендеріміздің бәрі таңдаулы туындылар.
Тағдырдың таңдаулы қызына өнердің құдіретін жаратқанның өзі сыйлаған. Онда да тек кенепке жағар көп бояуды ғана емес, күй көкірек тыныстар кең дүние – айналасын да әдемі жаратқан. Өнердің өзі «болмыстың қолдан шекіп соққан қалыбы» дейтініміз де сондықтан. Ал, Айша Ғалымбаева өз әлемінің сол болмысын жүректің жылуымен әлдилеп, шекімей-шертпей аялап, оны күншуақ пен көлеңкенің нұр сәулесі тұнған алуан түстерден дестелейді.
Айша Ғалымбаеваның көркем полотноларындағы образдар жүрек жылуын жер бетіндегі барша тіршілікке сыйлап тұрғандай. Ал Айшаның болмыс бітімі, жылы жүзді көзқарас, биязы, жұмсақ үні мен жылы сөзі адамдардың осынау жарық дүниеге деген құштарлығын оятады. Оның бейнелеу өнеріндегі образдарының мейрімі, іңкәрлігі мен ерекше сомдалуы кім де кімнің жан дүниесіне шаттық пен жарасымдылықтың сазды әуенін сыйлайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Ғайып болған миллион

— Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.

— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?

— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.

— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.

— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.

— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Идеалдар және адам

Идеал – соған қарай ұмтылатын, сол бағытта еңбек ететін, жетуді қалайтын үлкен мақсат, мұрат деген мағыналарды білдіретін ұғым. Күніміздегі керіде қалған қоғамдардың ең үлкен кемшілігі идеалсыздық. Адам мен қоғам идеалдарымен ерекшеленеді. Идеалдар адам өмірінде әрі мақсат, әрі дамуы үшін қозғаушы күш есебінде. Мақсаты белгілі болмаған қоғам кері қалуға бейім болмақ. 10 жыл ілгерісін жоспарламаған ел тоқыраудың, бодандыққа ұшыраудың алдын алмаған болады. Ал мұндай кесапат жағдайдан құтылу үшін не істеу керек? Ұлттық құндылықтарына бекем, тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, отанын сүйетін, іші де бүтін, сырты да бүтін қоғам болуға ұмтылу керек. Адамдарға өмірдегі рөлдерін және жауапкершіліктерін үйрету, саулықты сана қалыптастыру керек. Санасыз адамның идеалы сапасыз болары анық. Кім екендігін, қайда, қашан және қандай ахуалда екендігін білмейтін адам келешегі үшін мақсат белгілей ала ма? Әрине жоқ. Алдымен өз мүмкіндіктерімізді, сипаттарымызды және ахуалымызды бағалауымыз керек. Қолдағы мүмкіндіктеріміз қандай, не істей аламыз дегендей пайда мен зиян есеп-қисаптарын қалыптастыру керек. Кейін аяғымызды жерге бекем басып, мақсатымызға қарай бағыт аламыз.

Дамыған мәдениеттердің 20-30 тіпті 100 жылдық ұзақ мерзімді жоспарлары, мақсаттары, идеалдары бар. Және бұл идеалдар өз мүмкіндіктері мен шектеулеріне қарай даярланады. Шектеудің мөлшері болуы тиіс. 7 жастағы балаға тригонометрия үйретілмейтіні секілді, 18 жастағы студентке рационал сандары түсіндіру орынсыз болады. Потенцияалымызды кинетикаға айналдыру тұрғысында жетістікке жеткен сайын кейінгі мақсатымыз потенциалымызды арттыру, идеалдарымызды және мәдениетімізді үлкейту болады. Ал потенциалымызды арттыру үрдісі қалай болмақ? Еңбектеген сәбиді мысалға алайық, біршама уақыт бір қалыпта еңбектеп, уақыты келгенде аяққа тұруды тәжірбие етіп, жүруді үйренеді. Міне осындай сәтте сәбидің мысалындай потенциалымызды арттырамыз. 0-100 дәрежедегі су сияқты, 100 дәрежеге жеткенімізде бұрқырап қайнаймыз. Атқарылатын әдіс қарапайым. Еңбекқор боламыз. Оқимыз, оқыған сайын жазамыз. Аламыз, алған сайын сатамыз. Бірлік, ынтымақ ішінде әрекет етеміз. Сондай сәт келеді, он жыл бұрын 100 зиялысы бар аймақта мыңдаған зиялылар шығып потенциалды арттыру әрекетіміз, сәбидің жүруі, судың қайнауы секілді көрініс табады.

Адам тұрақты түрде дамуға, өзгеруге, ашық жаратылған болмыс. Жер беті адамның табиғатын жақсы білетін жаман ниетті империялисттерге толы. Идеалист болмастан жетістікке жете алған бірде-бір көзқарас, доктрина жоқ. Біздің білуіміз және орындауымыз қажетті нәрсе идиалдарымызды ұлттық санада қалыптастыру және шетелдік азғындықтарға еліктемеу. Жоғарыда атап өткеніміздей кім екенімізді, қайда, қашан және қандай ахуалда екенімізді біле отырып ұлттық және тарихи санада әрекет етуіміз қажет. Біз кімбіз? Біз тамыры мұсылмандық және түркілікпен ұштасқан 21 ғасырдың жастарымыз. Мақсаттарымыз, кім екенімізге қарай пішін алады. Көпшілігіміз түп тамырынан ажыраған, бытыраңқы халдеміз. Сыртымыз жылтырағанымен, ішкі дүниеміз ұлттық руханиятымыздан ажырап, әр түрлі бұзық пікірлердің шырмауына түсіп, батыстың азғын әдеттерін сіңірген халде және уақыттамыз. Не істеуіміз керек? Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста демекші, бәріміз жеке өзімізді білімді, еңбекқор, ұлттық саналы жеке тұлға ретінде жетілдіруіміз қажет. Мақаламызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен түйіндейік:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Айдарбектің қасиетті Бала қыраны

Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан дегенде жалғыз жары Қатшадан басқа оның қараша үйіне кіріп-шығып, сырласып мұңдасатын да ешкімі болмаған екен. Қыстың ұзақ, жаздың қысқа түндерінде: «Құдай бізді өмірден баз кешіп, ұрпақсыз өтуге жазған ғой, әйтпесе...» – деп ол жары Қатшаға мұң шағатын. Мұндайда Қатша: «Олай демеңіз, отағасы, Құдай жазса, біздің отбасымызда да қуанышты күндер болар. Біз де ел қатарлы сәби сүйіп, шаттыққа бөленерміз», –дейтін.

Тек сол бақыт, шіркін, жыл өткен сайын бұлардан жырақтап бара жатқандай көрінетін. Бір күні ол қолына қармағын, садағын алып, өзін сандаған жылдар бойы асырап келе жатқан Ақкөлге қарай аяңдап келе жатты. Сәті түссе, балық аулап, құс атып қайтпақ. Кенет оның ойын әлдекімнің: «Ай-дар-беек, Ай-дар-беек!» – деп шақырған даусы бөлді. Ол айнала төңірекке жіті құлақ түріп, бажайлай көз тастады. «Мен мұндамын, мен мұндамын», – деген дауыс, қарсы алдында өсіп тұрған қалың қарағанның арасынан шығып жатты. Айдарбек жүгіре басып, қарағанның арасында тырбаңдап жатқан қызыл шақа бүркіттің балапанына көзі түсті. Өлдім-талдым деп әрең алып шыққан Айдарбек балапанның қатты жарақаттанғанын байқады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қызыл Кітаптың маңызы (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты қорғау
Сабақ тақырыбы: Қызыл Кітаптың маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 5.6.3.3. ҚР Қызыл Кітабының маңызын анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
• Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтаудағы Қызыл Кітаптың рөлін түсіндіреді
• Ұлттық саябақтар және қорықтар мысалында тұрғылықты жерінің қорғалатын аймағын зерттейді
• Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бір өсімдік немесе жануар туралы презентация жасайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ елінің ел болу ұяты біздің мойнымызда


Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ елі. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам аз Отаным жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздіктің жарқын жиырма екінші таңын атырып, еңсені ел атандық. Кемеңгер көшбасшы – Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, әлеммен санасатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты, кең байтақ жері бар, жерінің асты – үсті толған байлыққа ие. Осынай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының тағдырына жазыла бермесі анық.

Экономикалық әл – ауқаты тұрақты, өзге елдермен иық тіресе алатын дәрежеге жетіп келе жатқан еліміздің жеңісі мен жемісі – әлем назарында.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаулары жемісті жетістіктерге қол жеткізудің алғышарттары еді десем қателеспеймін.

«XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», - деп атап көрсеткен Елбасымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясын Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын халыққа ұсынады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару

Қызметкерлерді басқару бес бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсаулықты қорғау және әл-ауқат.
Кадр саясатындағы жоспарлар мотивация қызметімен байланысты. Кадр саясаты нәтижелі жұмыс күшін жалдауға, жақсы жұмыс жағдайын жасауға, жұмысшылар мен басшылықтың қатынасын жақсартуға бағытталады.
Кадр саясатының негізін құрайтын бірқатар танылған ұстанымдар бар. Олардың арасында - ынтымақтастыққа дайындыққа тәуелді басқаруды демократияландыру; жекелеген адамдарды және олардың қажеттіктерін білу; теңдік пен бірізділікті сақтау.
Жұмысқа тілек білдірген әрбір үміткермен егжей-тегжейлі сұхбаттасу немесе жазбаша тестер жүргізіледі.Кадрларды жұмысқа қабылдағанда, олармен келісім шарт жасалынады, онда екі жақтың құқтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.
Жұмыс беруші қызметкерлерді кәсіби дайындайды,қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылатуды, ооарды екінші мамандыққа оқытуды ұйымда, ал қажет болғанда-ұйымдық шартта, келісімдерде, еңбек шартында айқындалған шарттар мен тәртіпте бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі.
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек рыногына өткізеді, өзінің әлеуметтік-экономикалық қатынастарболып саналатын жолдауға беретін жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді.Рынокте еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу жағдайы тіркеледі. Жұмыспен қамтылу-бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс-әрекеттері. Еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Лизинг қызметі және оны мемлекеттік реттеу

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан нарықтық экономикалық қайта құрулар жағдайында жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуының қатарына лизинг қатынастары жатады деп айтсақ орынды болып табылады. Лизингтің инвестициялық қызметтің бір институты ретінде дамуы елдіегі нарық қатынастарының жандануына және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына оңды әсерін тигізуі толық мүмкін деп сенуімізге болады. Сонымен қатар лизингтің нарықтық категория ретінде, азаматтық-құқықтық объектісі ретінде толық түрде тәжірибелік және теориялық аспектіде өңдеуден өтпеуі оның толық қолданылуына елеулі тосқауыл болып отыр. 2000 жылы ғана «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы қабылданды, ҚР азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген баптар сәйкесінше бір жыл бұрын қабылданды. Лизинг туралы заңдардың базасы жоқ болғандықтан ең бірінші кезекте осыған байланысты салықтық ауыртпалықтарды ескерген кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер лизингті қолдануға мүдделі болмады. Лизинг қызметінің тұрақты жұмыс істеуінің бір талабы - лизинг беруші мен лизинг алушы, лизинг беруші мен несиелік ұйымдар, лизинг затын өндіруші мен лизинг беруші және басқа да лизингтік операциялық шарттан пайда болған қарым-қатынастарды біртұтас нормативтік-құқықтық актімен реттеу. Халықтық-шаруашылық мәселелерді шешкенде өндірушілерді жоғары техонологиямен қамтамасыз ету жағдайында бәсекелестік жағдай тудыруға, орта және шағын бизнесті дамытуға, халықты біліммен қамтамасыз ету бойынша лизинг үлкен мүмкіндіктер береді......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды.
1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.
А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.
Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Дәптер

Оманың жазу-сызуды үйренуі-ақ мұң екен, тіпті қолды-аяққа тұрмады. Үй қабырғасында көмірмен шимайланбаған бір жер қалмады: "Су ағады". "Жапырақ қыбырлайды".

Осы үйдегі келін төсегінің басынан "Хоридаштың сыры" дегенді тауып алды ол бірде. Кітаптың парағы сайын қарындашпен: "Қара су, қызыл гүл" деп жаза берді.

Жаңа күнтізбедегі бар жұлдызды да шимайлап тастады. Әкесінің кіріс, шығысты тіркейтін кітапшасына да белгілер салып қойды: "Жазып-сызып, оқи білген адам күймемен жүреді".

Белгілі бір кезге дейін оның бұл өнеріне ешкім көлденең тұрмап еді, бірақ бір ретте үлкен қолайсыздық болып қалды.

Қыздың үлкен ағасы Гобиндолал көзге қораш, тым күйкі жігіт болса да, газетке жазып тұратын өнері болушы еді. Онымен бір сөйлескеннен кейін-ақ осы бір ойшыл адам-ау өзі деген күдік ешкімнің басына да келмейтін. Сөйтсе де ол газетке ат салысып жүрді, әрі оның пікірі бенгал оқушыларының көбінің пікірімен тоқайласа кететін еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0