Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Үйлеспеушілік

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Астында Шолпанның жүреміз.

Мен оның сүйемін мұрттарын,

Мен үшін ол менің сыртаным.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Ғашықпыз баладай пәктікпен.

Аяқты сезінбей тәждің астында,

Кеудеден шыққанша жан тіптен.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Бір әннің жанымыз, қанымыз.

Ол түнде, ал күндіз жарылып өлсең де,

Сағатымыз сәйкеспес наныңыз.

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Дау бітпес күндіз де, түнде де.

Арқалар біртұтас, ал мұрын...

Үндеме,

Тәңірім-ау, қосылдық біз неге?

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Шолпанның астында тұрамыз.

Мұртына көңілім наразы,

Ал одан салқындық ұрады.



Людмила Черкашина - Украин ақыны.

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ұстазға деген махаббат

Қолым боста студент кезде арнаған қойын дәптерімді ашып оқыдым…Ішінде талай–талай естеліктер жазылыпты. Өткен күндердің қызықты сәттері көз алдыңа тізіліп еске түседі. Парақтап отырып, ішінен ерекше бір жазылған естелікке көзім түсті. Иә, нағыз естелік деген осы болар! Мектеп бітіргенімізге 2 жыл толғанда ұстазымның маған арнап жазған естелігі екен. Ал, мектепті бітіргенімізге 14 жыл өтіп, арамыз алшақтаса да ұстазыммен әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп тұрамыз.

Мен үшін шын жүректен жазылған сол бір ізгі тілектердің арқасында оқуымды қызыл дипломмен аяқтап, мамандық иесі болып, білімнің биік шыңына өрмелеп, өмірдегі асқар таудай армандарымды орындауға тырысып келемін.

Сол ұстазым - Маханбетова Гүлайым қазіргі таңда Панфилов мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 5-сыныпта жетекшілікке алғаш келген күннен бастап, өте қарапайым, ақылдылығымен, жүріс-тұрысымен мені өзіне бірден баурап алған еді. Қазақ тілінен олимпиадаға сен барасың деген күнінен бастап арамыз жақындай түсті. Ұстазға деген сүйіспеншілігім арта түсіп, айнымас достарға айналдық. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мамандық бұл сіздің өміріңіз

«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту.

Назарға алатын мәселелердің бірі жас маман болашақ жұмыс орнын таңдаудағы басты аспект деп жоғарғы жалақыны біледі. Бірақ, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылыс қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық даму да жоғарылайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік қызметтегі несиелендіруді ұйымдастыру

Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде.
Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын.
Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. Несие алып өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда келтіріп қоймай, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс – бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (1 сабақ) (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (1 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Мидың құрылысын сипаттай алады;
• Мидың қызметін түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Мінез періштенің оқиғасы

— О, мадам, мүмкін болса сізбенен бір ауыз тілдесуге болар ма екен?

Эднаның мұнысы сандырақ секілді болып көрінуі де мүмкін еді, өйткені ол, Мисс Марплдың қызметшісі-тін. Сосын басқа біреу емес Мисс Марплдың өзімен сөйлесіп тұрған болатын.

Таныс үнді естісімен Мисс Марпл ізінше: «Әрине, Эдна. Ішке кір де есікті жап. Не айтайын деп едің?» —деді.

Айтқанын екі қылмай есікті жауып, Эдна ішке қарай жылжыды. Алжапқышының бір ұшын саусақтарымен бүктеп, бір-екі рет жұтынып қойды.

— Иә, не айтпақшы едің, Эдна?—деді Мисс Марпл жігерлендіре.

— О, мадам, рахым өтінемін. Немере сіңлім Глэдистің жайы еді. Жұмысынан айырылып қалыпты ол.

— Қойшы, рас па? Онысы қиын болған екен. Ол қыз ана Оулд Холлда тұратын Скиннерлердің қызметшісі емес пе еді?

— Иә, мадам, дұрыс айтасыз. Глэдис байғұс абыржып, қатты қамығып жүр.

— Бұдан бұрын да Глэдис жиі орын ауыстырып жүрді ғой, солай емес пе?

— Дәл солай, мадам, орын ауыстырғанға әуес-ақ. Бір жерге тұрақтап істей алмайды. Бірақ бір қызығы, осыған дейін ол өз еркімен кетіп жүрген!

— Ал бұл жолы ше, керісінше ме?— деді Мисс Марпл салқындау сөйлеп.

— Иә, мадам, сосын ғой оның қатты ренжіп отырғаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Вагондағы әңгіме

Егес Барнаулдың түбінде, пойыз рельс буындарын тарсылдатып, Обь көпірінен жайлап өтіп бара жатқан кезде басталды.

Сібірдің ұлы өзенін көрмек болып, жолаушылар терезелерге тұра-тұра ұмтылысты, бірақ ылғал қардан өзге ештеңені көре алмады. Жел оны ақ түтінше шаңытып айдап жатыр, тек сонау төменнен, көпір тіреуінің түбінен қорғасындай қара суды көруге болатын еді. Одан суық бу бұрқырай көтеріледі.

Ағаш балдақты жауынгер терезеден бұрылып, шырт түкірді де, шылымын орап, наразы көңілмен тіл қатты.

— Туһ, мына Сібірлеріңіздің' ауа райын-ай. Екі күннен бері көз аштырмай, жаңбыр аралас қар төпеп тұр, төпеп тұр, қарғыс атсын бұл араны!

— Мына сыншыға қараңдар! - деді күбірлеп сақалы тікірейген ұзын бойлы жауынгер. -Сібірді жақтырмайды өзі. Жер бетінде Сібірден бай ел жоқ. Ілгеріде орман ішімен кордондағы үйіме бара жатқанда, арбаның дөңгелегіне екі елі болып, езілген жидек жабысып қалушы еді.

— Қандай жидек? - деді тұлымы шолтаңдаған кішкене қыз.

— Бүлдірген де баяғы.

— Е, байғұс, чалдоным-ай. Біздің Владимирдің түбінде бір ай тұрып көрсең, басқаша әндетер едің-ау, - деді балдақты жауынгер күрсініп. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бес нәрсеге асық бол


(Жергілікті колледжіде өткен «Бес нәрседен қашық бол...» атты тәлім-тәрбиелік маңызы бар іс-шараға байланысты Абай ата өлеңіндегі ойды негізге ала отырып жазылған).

Өте ерте замандарда Тәңірі Адамды жаратыпты, жер бетіне түсіріпті. Адамнан тараған ұрпақ ол заманда шағын бір ауыл болып қана өмір сүрген деседі. Олардың тынысты тіршілігі мен татулық бірлігіне рақымы мол, құдіреті күшті Құдай мейірленеді.

Құдай адамнан бөлек Ібілісті де жаратады. Бірақ Ібіліс өзінің тәкаппарлығымен Құдайдың мейіріміне бөлене алмапты. Бірде Құдай қаһарланып Ібіліске де жер бетіне түсуге бұйырады.

Жер бетіне түскен сайтан таулар мен өзендерді, көлдер мен шөлдерді басып өтіп Адам ұрпағы мекен ететін шағын ауылға да жетеді. Тыныштық пен бейбітшілік, татулық пен келісім орнаған осынау мекен сайтанға ұнамапты. Сайтан адамзат баласының сыпайылығы мен тату-тәтті өміріне қызыға да, қызғана қарайды. Ішін қызғаныш билеген ол адам баласын осы жолдан тайдырмақ болып қаншама әуреленеді, азғырып та бағады. Бірақ онысынан түк шықпайды. Татулық, бірлігі тасыған ауыл адамдары қайта сайтанды келеке етіп, өзін мазақ қылады. Қамшымен сабап, сайтанды шөл далаға қуып тығады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0