Курстық жұмыс: Саясаттану | КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсберг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қайыржанов,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомлинский.т.б. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Кәрі солдат


Сексен жаста қатарың сирей бастайды. Қапалы болса да, қатал шындық сондай.

Ал, «Құланоты» ауылында соңғы кезеңде сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың бидайдың ішіндегі жалғыз арпа.

Бұл жасқа жеткенше Сырым өзінің саяқтығын сезе бермеуші еді. Өйткені алдында ағалары бар еді, ал алпыс пен жетпістің арасында өзіңнен бес-он жас кішілерден үлкендігің аса шодырайып тұрмайтын.

Енді Сырым алдындағы ағалардан жұрдай болды да, артына бұрылып қарап еді, әлдекім ат басындай алтын беретіндей алға тым асығыс кетіп қалыпты. Өзгелерден оқшау озып кеткеніне ыңғайсызданатындай хал кешетін болды.

Анау-мынау десе де, сексеннің аты — сексен. Қырыққа жетпей қыржиып қартаятындарды да көріп жүрміз. Төрт жыл қиян-кескі соғыстың ішінде жүрсең, соғыс біте бергенде, құмалақтай оқ та емес, қол тоқпақтай снаряд оқ қолыңды шолтитып жұлып кетсе, ол аз болғандай сол жамбасында осколка қалса, оның үстіне өмір бойы колхоздың бригадирі, қарауылы болсаң, сексен деген, әрине, аз жас емес.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тектілік

Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:

– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, – дедім мен.

– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі қызметін жетілдіру жолдары

Кіріспе
Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру | Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау

Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесіне үйрене отырып, сақтандыру жүйесі дамып жатыр.
Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жеке азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қордың қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Сақтандыру туралы заңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті баптарынан, Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінен тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 - 2006)

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматыда) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Халық артисі (1965), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.

1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген.
1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының актрисасы
1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында
1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды.
1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды.

Шығырмашылығы
Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0