Курстық жұмыс: Биология | Бездік эпителий қызметі

Кіріспе
Гистология – жануарлар организмдерінің түрлі ұлпаларының құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым.
Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің гистология оқулығында пайдаланған.
Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген:
1. Эпителиалдық ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары.
3. Бұлшық ет ұлпалары.
4. Нерв ұлпасы.
Ұлпалардың осы төрт типін А.А.Заварзин екі топқа біріктіруді ұсынған:
1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен дәнекер ұлпалары жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қызметі

Қазахалхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша. Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жасге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ыбырай Алтынсарин


- Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? - деді директор мұғалимасына.

Мұғалима бұл сұраққа жымиды.

- Ау, айтсаңызшы, сізден сұрап отырмын ғой, - деді директор тағы да. - Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? Өзіңіз Алтынсариннің кім екенін білесіз бе, әйтеуір?

- Әрине, - деді мұғалима. - Мектепте оқыдық қой Алтынсарин туралы. Одан кейін мұғалімдік оқудың кезінде тағы да оқыдық педагогика тарихынан.

- Енді неге айтпай отырсыз қай жылы дүниеге келгенін?

- Есіме түспей отыр. - Мұғалима қысыла күлімсіреді.

- Ұят, - деді директор мұғалимасына. - Сіз деген біздің мектебіміздің бетке ұстар мұғалимасысыз. Бұлай болмайды, Қарашаш. Қайта бұл жерде мен болып отырмын. Не дейтін еді, "Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде" дейтін бе еді? Ал егер сырткөз болса ше? Сізге келеді де, сырт адам дәл осы сұрақты қояды. Сонда не болады? Сіз біздің мектебіміздің мақтанышысыз. Егер сіз білмей жатсаңыз бұл сұрақты, онда басқа мұғалімдерге не айта аламын. Сіз деген біздің көрсетіп отырған ұстазымызсыз. Біздің осындай мұғаліміміз бар деп айтып отырған адамымызсыз. Енді осындай мұғаліміміз Ыбырай Алтынсариннің қай жылы дүниеге келгенін білмей отыр деп айтамыз ба сонда? Бәрін өзіңіз үшін айтамын. Сіз алдыңыздағы шәкірттерді қалай тәрбиелеп отырған жан болсаңыз, біз сіздерге сондай тәрбие беріп отырған адамдармыз. Оны түсінеді шығарсыз?

- .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Демалыстан кейінгі сабаққа дайынды әрбір ата ана істей алуы мүмкін 7 жағдай

Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.

Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.



1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз

Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.

«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».

Даниэле Новара, психолог. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептің ұстаздары


Фольклорлық материалдар жинап, тәжірибеден өтіп жүрген бір топ студент Жанділда ағайдың үйіне таңертең ертелетіп келгенінде, ұстаз сонда таңғы шайын ішіп дастарқан басында отыр еді. Жанділда ағай студенттерді Нұғыман ағайға бастап ертіп бармақ болатын. Өйткені студенттер ардагер ұстаз Нұғыман ағайдан әңгіме сұрамақ. Ал Жанділда ағайдың өзі бұл кезде мектепте әлі сабақ беріп жүрген кезі еді.

Ғылымның жаратылыстану бағытындағы биолог деген мамандар бақа-шаян, жәндік атаулыға үйір келетін көрінеді. Қыбыр-қыбыр етіп жатқан жәндікті көрсе, жанынан айналсоқтап, үйіріліп шықпай соның тыныс-тіршілігін үлкейткіш шынымен күнұзақ бақылап отыруға бар дейді. Ал филологтардың мақсаты басқа, филологтың діттегені – сөз. Қай жерде есті сөз бар, қай жерде ескі сөз бар, ат-көліксіз, жаяулатып, жалпылатып жетсе де, барып жазып ала қоймақ. Есті сөз жерде қалмасын дейді ғой. Биолог пен филологтың бірінің жәндік атаулыға үйір келетін мінезіне қарай, бірінің сөз іздеп, сөзге үйір келетін мінезіне қарай өзге факультеттің студенттері оларға «естфак – бақа-шаян, филфак – өсек-аяң» деп қалжыңдайды екен. Мына осындай мақсаттағы фольклорлық материалдар жинап жүрген Қызылорда пединституты студенттерінің бір тобы Қожабақы ауылына келіп түскен еді. Филология факультетінде оқитын студенттер 1-курс бітіргеннен кейін фольклорлық тәжірибеден өтетін, ал 2-курс бітіргеннен кейін диалект сөздер жинау тәжірибесінен өтеді. 3-курс бітіргеннен кейін өзге педагог мамандықтары секілді лагерьлерде баламен жұмыс істеу тәжірибесінен өтеді, ал 4, 5-курстарында қаланың мектептеріне барып оқушыға сабақ беріп көру тәжірибесінен өтетін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге


"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен?
-қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Зар

Кешкі қара көлеңке. Жапалақтаған жабысқақ қар жаңа ғана жанған фонарьларды шыр көбелек айнала баяу ұшып, үй төбелеріне, аттардың сауырына, адамдардың иығына, бөркіне қонып, жұп-жұмсақ ақ кебенекке орап жатыр. Арбакеш Иона Потаповтың үсті-басы аппақ, аруақ сияқты. Тірі адамның денесін қанша зорласаң дәл ондай бүгілмес, шананың алдыңғы тұғырында екі бүктетіліп бүгжиіп кеткен, тырп етер емес. Төбесінен тұтас бір күртік қар құлап кетсе де ол тегі елең етіп, үстінің қарын қағуды қажет етпейтін сияқты... Жегулі атының үсті де аппақ, ол да қыбыр етпейді. Сол қимылсыздығына, денесінің арса-арса болған арықтығына, аяқтарының таяқ сияқты сидаңдығына көз тоқтатып, жақынырақ үңілсең, ол кәдімгі тиын сияқты пірәндік атқа ұқсап кеткендей. Шамасы, өзі бір терең ойға шомып тұрған болуы керек.

Соқадан, күнделікті көңілсіз көріністен ада болып, мына сияқты жарқ-жұрқ еткен неше түрлі оттары, тынымсыз айғай-шуы мен сапырылысқан адамдары бар осынау қарбаласқа келіп тап болған аттың ойланбасына болмаса Иона мен оның атының бір орында тапжылмай тұрғанына көп болды. Олар ауладан түс болмай шыққан, содан бері бірде-бір кәсіп табылған жоқ, міне, енді қалаға түн қараңғылығы түсіп келеді. Фонарьлардың ілкідегі көмескі сәулесі барған сайын жарқырай ашылып, көшедегі қарбаластың да у-шуы күшейе түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Араб тілінен енген сөздер

Алла

Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем. .....
Әңгімелер
Толық
0 0