Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын құс

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...

Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.

Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.

— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қашықтықтағы махаббат

Айзаттың сыртанан қарап тұру, оның аяғын асықпай басып келе жатқаны, жай ғана жымиып күлгені, қара шашы - бәрі юәрі маған ерекше секілді көрінетін. Балконнан Айзатқа қарап отырып өзімді бақытты сезінетінмін.
Біраз уақыт өткеннен соң мен оның телефон номерін алдым. Танысып алдық. Күнде сөйлесетінбіз.
Сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар осылайша өтіп......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Бұл менiң киiмiм емес

Балабақшада тәрбиелеушi бiр кiшкене қыздың киiмдерiн ұзақ алысып әрең дегенде сидырып киiндiредi. Әйтеуiр киiндiрдiм-ау деп тұрғанда әлгi қыз:
- Бұл менiң киiмiм......
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0