Мен бұл хатты дзоттан жазып отырмын. Біз осы тамаша бекіністі тек жаңа ғана сен үшін арнайы салып бітірдік. Біз — саперлер бұған өзіміздің бар шеберлігімізді жұмсап, дзоттың мүмкіндігінше жақсы да мықты болуына күшімізді салдық.
Оны салу барысында біз бір-бірімізге:
Жаяу әскер бұл бекіністен фашистерге — біздің ата жауымызға қарсы оқ боратады. Мүмкін ол немістерді бекініске жақын жіберіп, оларды ондап жояр. Мүмкін жау дзотты қоршап та алар, бірақ біздің жаяу әскер досымыз фашистер түгелдей қырылғанша шайқасады,— деген едік.
Онда қарт сапер Семен, айналаны шолып өтіп:
Бұл арада қып-қызыл шайқас болады! — деді.
Мұны естіген комсомолец Ғазиз:
Көзіммен керсем бе, сол ұрысты?!—деп саңқ еткені әлі құлағымда. .....
Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....
Қыз баланың тәрбиесі-халықтың қымбат байлығы. Иә, қыздың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі деген тағы бар.Өткенге көз жүгіртсек,қыз баласы қашан да инабаттылығымен,әдептілігімен,өзіндік ұяңдығымен дараланған.Жалпақ тілмен айтқанда,тал бойында бір мін жоқ,кіршіксіз таза жандар.Үлбіреген үкісі,сәнді сәукелесі,өрілген қос бұрымы,сыңғырлаған шолпысы,тобықтан төмен түскен қарапайым көйлегі қандай десеңші!!!Иә, көрсең көз тоймайтын ерекше тылсым күштің иелері бұлар!Бірақ,қазіргі қыздарға қарасаң бұрынғының иісі де сезілмейді.Құндылығын жойған қазақ қызын көргенде бармақ тістеп,іштей күйінесің.Заман өзгерді екен деп,өткенді ұмыту үлкен қылмыс.Ұрпағымыздың ұсақталғаны осы шығар сірә!Кезіндегі сүбелі сөздерін сүйегіне қондырып,әуезді әнімен әлдилене білген жандардың,бүгінгі заманының қырат-қырат белестерінен тұжырым түйістіре алмайтын жастарымыз.Жібі түзу,басынан сөз асырмайтын,сөйлеген сөзі мірдің оғындай,өрісі кең батыр аналарымыздың қу сирақ,сөзі түйеден түскендей,тас жүрек ұрпағымыз.Алтын қолымен игі жақсы іс қылатын жандардың,өз қолын өздері жаман іске апаратын әпербақандарымыз.Табиғи сұлулығымен дараланған қыздардың,өз жүздерін өздері солдырып,бетіне 5 тонна далабын жағатын сылқымдарымыз.Күндіз-түні ас үйден шықпайтын ханшайымдардың,күндіз қыдырудан қолы тимей,түнде түнгі клубтың төрінен табылатын жарғанаттарымыз.Әркез жаулығымен оранып,шашын ердің көзіне түсірмейтін ардақтыларымыздың,орамалды жұма мен оразада әрең тағатын имансыздарымыз.Қос бұрымын құлпыртып өретін аруларымыздың,шашын жаймаса жүре алмайтын ауруларымыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,кезіндегі қазақ қыздарының тырнағына да татымайтын,ұлы дана халқымыздың ұсақталып бара жатқан бөлшегі сындымыз......
Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.
Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес. Дегенмен, «жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» демекші, сол сом тұлғалардың арасында тәңірі өлшеусіз өнермен телегей теңіз білімдарлықты қатар сыйлап, ол аз десеңіз тылсым сырлы дүииенің сан қатпарлы құпия сырын көңіліне түйдіріп, ғайыптан болжап сөз айтар әулиелікті қатар сыйлаған санаты саусақпен санарлық дара тұлғалар бар. Олардың халқымыз-дың сан ғасырлық тарихынан алар орны тіптен ерек, тіптен бөлек.
Соның біз білетін бірі де, бірегейі де- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Оны жұрттың дені ең бірінші кезекте ғайыптан болжап сөз айтқан, сол айтқандары әманда айна қатесіз келгем көріпкел әулие деп біледі. Бұлары заңды да.
Мәшекең көзі тірісінде зират үйін салдыртып, қабырын қаздыртып қойды.
— Мұныңыз қалай, артыңызда Аллаға шүкір ұрпағыңыз, қала берді өзіңізді құрмет тұтқан халқыңыз бар емес пе. Олай-бұлай бола қалсаңыз, ел қатарлы ақ жуып, арулап қоймай ма, -дегендерге: .....
Бөкеннің бір мінезі кімнің жанына жақын жүрсем, абыройды көбірек жинаймын, кімнің жанында көбірек сөйлесіп тұрсам, абыройлы көрініп тұрамын, кіммен байланыс орнатсам, абыройым асқақтай түседі деп жүруші еді. Кейде осы адам баласын алалағандай болғаным несі деп Бөкен өз-өзіне іштей ренжісе де, бала кезден қалыптасып кеткен осы әдетін қоя алмады.
Бөкен дәл қазір клубқа концертке келіп тұр. Бірақ концертке кірместен бұрын клубтың есігінен сығалап, кімнің жанында отырсам, абыройды көбірек жинаймын деп ойланып тұр. Көпшілік жинала бастаса да, концерт әлі бастала қоймаған кез. Бөкен сондықтан асықпай ойланып тұр. Көзі алдымен алдыңғы орындықта отырған Нүкеңе түсті. Нүкең - ел ағасы болып жүрген азамат. Нүкеңнің жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді. Бірақ Нүкеңнің өзі "әй, Бөкен, бері кел, менің жаныма отыр" деп шақырып жатпағасын, Нүкеңдей адамдардың жанына барып, әй жоқ, шәй жоқ, жайғаса кеткені абырой бола қояр ма екен? Мұндайда Нүкең не ойлайды, қарап отырған сырт жұрт не ойлайды? Жоқ, отыра алмас. Нүкеңдей кісілерге жақындау жүрудің де бір ыңғайы келер. Бөкен осылай ойланып тұрып, көзімен балуан жігіт Сейтекті де, дәрігер жігіт Қапарды да, сатушы кербез келіншек Ақбілекті де, кішілерге үнемі тәлім айтып жүретін құрметті демалыстағы зейнеткер Салиха апайды да, мұғалім жігіт Зейнелді де, өзімен құрдас есепші Халидолланы да бір-бір шолып өтті. Бәрінің де жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді.
«25-маусым жарлығы» елдің төбесінен түскендей болды. Мұны бұрын жергілікті билеу мекемесіндегі өкімет қызметкерлері де білмеді. Өкімет қызметкерлері бұл жарлыққа ресми жағынан қарап, «сөзсіз атқаруға тиіс» деген «үлкен жарлық» есебінде қарады. Жергілікті халықтың жан сырымен санасу, жарлық аяғының қандай халге соғатыны олардың есінде болған жоқ. Жарлық келісімен Алматыда «жандарал» Фольбаум басқаруында өкімет адамдарының тығыз кеңесі болды да (1916 жыл, 1-шілдеде), «сөзсіз атқаруға кірісу керек» делінді.
«Жандарал» жергілікті халықтың «инабаттыларын» жинап алып, жігіт алудың мәнісін түсіндірді. Жетісудан алынатын жігіт саны 43000 (қырық үш мың) жан еді. Бұл жігіттерді дуан-дуанға, болыс-болысқа, ауылға бәліп, әр болыс өз жігітін киіндіріп, тұрмандап жөнелтпек еді. Жігіт алу жобасы осылай жасалды.
Ояз-оязға болыстар, инабатты ақсақалдар, қадірлі адамдар арқылы түсіндіруге, жігіт алуға кірісуге облыстан жарлық қылынды. Алматы оязының «инабатты адамдарын» жинап, «жандарал» жарлық жайын ұғындырғанда жиналғандар түйткілденіп: «жұртпен ақылдасалық, көп біледі ғой» десе дағы «жандаралдан» сескеніп «берелікке» келіп тарқайды. .....
"Ағайынды Куликиндер мануфактурасының" қаражатымен ашылған фабрика мектебінің мұғалімі Федор Лукич Сысоев мерекелі түстікке әзірленіп жатты. Жыл сайын емтиханнан кейін фабрика дирекциясы түстік беретін де, онда емтиханға қатысқан халық училищелерінің инспекторлары мен фабрика басшылары болатын. Бұл түстіктер ресми болғанымен, әрдайым дәмді, көңілді өтіп, ұзаққа созылатын, мұғалімдердің өздері дәрежесі үлкендерді сыйлауды да ұмытып, ішіп-жеудегі бұлжымас дәстүрлерінен жаңылмай тойып алатын да, кейіннен тамақтары қарлыққанша даурыға сөйлесіп, көшеге шығып фабрика поселкесін басына көтере әндететін, содан соң шөп-шөп сүйісіп, үйлеріне тарайтын. Сысоев фабрика мектебінде қызмет еткен жылдарында мұндай түстіктердің он үшін басынан кешірген еді.
Енді ол он төртінші түстікке баруға әзірленгенде, мейрамдағыдай жасанып, үсті-басын түзей түсті. Жаңа қара костюмін кішкене тазартқыш щеткамен бір сағаттай тазартты, сәнді жаңа көйлегін кигенде де айнаның алдында ұзақ тұрды, көйлегінің баулығына ілмектер тығыз келіп, оңайлықпен өте қоймады, сондықтан әйеліне ызалана сықылықтап, екі қолын уқалап, қысқасы, еркелеген ит сияқты бұлаңдап жүрді.
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздырған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау, егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор.
Ұлттық құндылықтардың ішінде өзектісі болып саналатын тіл мәселесін оң шешу қашанда маңызды болып қала беретініне ешқандай күмәніміз жоқ.
ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көш басшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Әсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тілі- міздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан көсемсөз жазып, дамылдамай дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде бүй дейді: «...Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін нәрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың балалары қалай оқып жүр? .....