Атыраулықтар үшін яғни біздер үшін алдыңғы апта қолайсыздау болды. Неге десеңіз, ауа-райының күрт өзгеруі ықпал болып тұр. Жауын-шашынның жаууы, көшелердің лай суға толуы, былаң батпақ балшықтың сарсаңы халықты біраз сарсаңға салды. Апта демекші, алдыңғы аптаның жексенбі күні жастар сүйікті ойындарының біріне...
Леонардо Да Винчиден қысқа әрі өнегелі тәмсіл: Бір бақта балқарағай өсіп тұрады. Жылдан жылға ол есейіп, биіктеп, әдемілене түседі. Оның жайқалған ұшар басы басқалардан биігірек тұрғандықтан, ол өзге ағаштарға қалың көлеңкесін түсіріп тұратын болды. Бірақ ол биікке жайылып өскен сайын менмендігі де өсе бастады. Бірде ол бәріне жоғарыдан жек көрушілікпен қарап тұрып, былай деп бұйырады: — Мына бейшара жаңғақ ағашын көз алдымнан құртыңдар! — Осылайша ағаш тамырымен шабылады. — Мына інжір ағашымен көрші болудан төзіп біттім! Өзінің сұрықсыз түрі мені зеріктіреді, — деп бұйырды бірде қыңыр балқарағай, — сөйтіп інжірмен де сол тағдыр қайталанады. Бұтақтарымен кекірейе тербеліп, өзіне разы тәкаппар сұлу мұнымен тоқтамады: — ескі алмұрт пен алма ағаштарынан айналамды тазартыңдар! — Бұл ағаштар да отынға кетеді. Осылайша тынымсыз балқарағай айналасындағы барлық ағашты бірінен кейін бірін шауып тастауды бұйырып, бақтың тек өзі билейтін жалғыз қожайыны болып қалады. Бақтың бұрынғы сұлулығынан тек түптер қалды. Бірақ бірде қатты дауыл тұрады. Дандайсыған балқарағай берік түбірімен жерді мықтап ұстап, оған бар күшімен төтеп беруге тырысады. Ал жел жолында басқа ағаштарды кездестірмегендіктен, жалғыз тұрған сұлу ағашты аяусыз сындырып, қиратып, оны төменге қарай құлатуға тырысып, тап береді. Соңында сілесі қатқан балқарағай қаһарлы соққыларға шыдай алмай, борт сынып, жерге құлайды.
"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам. "Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Гурьев облысындағы Эмба мұнайлы ауданы революциядан бұрын Баку, Грозныйлармен қатар ашылып, көп жылдар бойы жас совет халық шаруашылығының отын көзі болып келгені мәлім. Бұған осыдан сәл кейінірек Башкириядағы Ишимбай мұнай кен орны қосылды. Отан соғысына дейін және соғыс уақыттарында да елімізді жанар-жағар майлармен қамтамасыз етіп келгендер де осы кендер болатын. Бірақ, бұлардың өндіріс көлемі қазіргілермен салыстыруға мүлде келмейді. Ол жылдары жылына 20 миллион тоннаның маңайында мұнай өндіріліп жүрді. Партиямыздың XXIII съезінде мұнай өндірісіне ерекше маңыз берілген болатын. Онда елімізде мұнай өнімін жылына 30 миллион тоннаға жеткізуді нысана еткен еді. Совет мұнайшылары туысқан партияның бұл тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Геологиялық барлау жұмыстарын, оның ішінде де, әсіресе, терең бұрғылауды өрістете отырып, Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан уақытының өзінде-ақ Волга бойынан мұнай көздерін аша бастады, ал 1944 жылы еліміздегі сол уақыттағы екі ірі кен орындарының бірі - Тоймаза кәсіпшілігі ашылып, іске қосылды.
Бұл бұған дейінгі мұнай қоры жөніндегі кейбір көзқарастарды түбірінен өзгертті. «Жер шарында мұнай көздері тек үш-ақ жерде. Олар: Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Америкада - Мексика шығанағы жағалауларында. Басқа жерлерде мұнай болуы мүмкін емес» деген қате пікірді жоққа шығарды. .....
Ашкөздік, тойымсыздық сезімі қаптап келеді. Көп, одан да көп, одан да мықтысын, одан да абыройлысын иемдену қалауы және бұларды адамдарға көрсетіп мақтану, осы мақтанудан зауық алу өрістеп, кең етек жайып барады...
Үнді аңшыларының ерекше маймыл аулау тәсілі бар екен. Іші босаған кокосты тесіп (немесе құмыра алып), жіп өткізіп әлгі кокосты қазыққа немесе бір ағашқа байлап қояды екен. Содан соң кокостың тағы бір шетінен жіңішкелеп жарықша ашып, ішіне тәтті тағам салып қояды. Бұл жарықшаға маймылдың қолы ашық кезде ғана сияды, ал қолын жұдырықтап жұмып алса симайды. Маймыл тәтті тағамның иісін сезіп жетіп келеді. Қолын кокостың ішіне салып, тәтті тағамды уысына толтырып қолын сыртқа шығармақ болғанда тығырыққа тіреледі. Ашық күйде салған қолы жұмылған күйде сыртқа шыға қоймайды. Тәтті тағамға еліктірген ашкөздік жұмған қолын ашқызбайтындығы соншалық аңшылар келгенде де қаша алмайды. Негізінде маймылды ұстап тұрған ештеңе жоқ. Оны ұстап тұрған тек өзінің ашкөздігі. Қашуы үшін қолындағы тағамды жіберуі жеткілікті еді. Бірақ ашкөздігінің мықтылығы соншалық мұндай қақпаннан құтылған маймылдар сирек кездеседі екен.
Осы мысалдағы секілді бізді қақпанға түсіретін негізінде нәпсілік қалауларымыз бен оларға деген тәуелділігіміз. Мысалдағы маймыл секілді нәпсіміздің құрбанына, қол жеткізгіміз келген нәрсенің тұтқынына айналудамыз. Уысымызға түскендер мәңгілік қолымызда қалатындай жармасудамыз. .....
Батырлар жырының тағы бір үлкені — Қара қыпшақ Қобыланды батыр жайындағы жыр. Сол жырдың ішінде сипатталған Тайбурыл деген аттың жайын ғана айтамыз.
Тайбурыл - Қобыландыдай ірі батырдың аты. Оны батырға тәрбиелеп, өсіріп берген Құртқа. Батырдың ақылды, мінезді серігі Құртқа Тайбурылды өзі баптап, Қазан сапарына батыр аттанарда ғана әкеп береді. Сол Тайбурыл бір жағынан Қобыландыдай үлкен батырдың аты. Екінші — өзін Құртқа тәрбиелеп өсірген, сондықтан ол жырдың қиял етіп, көтеріп, ертегідей ұлғайтып, мақтап айтатын аты болады. Тайбурыл шапқанда:
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай,
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады... — дейді.
Бұл "алты айлықты алты-ақ аттайды" дейтін, алысты жақын ететін, нағыз, қиялдай жүйрік ат. Шапқанда сондай болған. Тайбурыл иесі қысылған жерде тілге келіп, ақыл да қосады. Көлік қана емес, серік те, дос та өзі деген жайды білдіреді. Батыр жалғыз өз басымен ғана батыр емес, осындай қанаты сияқты болған атымен батыр. Қобыланды бұрынғы қазақ елі сияқты әрі көшпелі, әрі бақташы болған елдің батыры. Кәсібі осындай болған елге - ат ең қымбат, ең жақын серіктің бірі боп саналады. Тайбурылдың бар сипаты сол себепті үлкен сипат боп, тіпті адам сипатындай боп, ұлғайтылып айтылады. Бұрынғы ескі тарихта: "жағалай шабыс", "құба қалмақ" деген замандар болған. Онда біреуге біреу шабуыл жасау, күшсізді күшті жем қылу заң болған. Сондайда, қап қыл ық-қуғылықта қашса құтылып, қуса жетіп отыратын ат ең қымбат дос болады......
Бағзыдан келе жатқан, бұл дүние әлі күнге дейін, өз деңгейін көтермесе түсірер емес?! Балаңның маңдайына күйе жақ!, шашыңды байлап қой!, сәбиіңнің киіміне көзмоншақ тақ! Ішкі киіміңді сырт айналдырып ки! сонда біреудің көзі өтпейді деген мәні түсініксіз сөздерді әрдайым естіп жататынымыз жасырын емес. Бір ескеретін жайт қоғамымызда бұған сенбейтіндердің .....
Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...
Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?
Құланиектеніп таң білінген кезде Мекке - Мәдинеден дүлдүліне мініп, зұлпықарын асынып, атағы бүкіл әлемге кеткен Ғазретғали пайғамбар жолға шығыпты.
Оның ойына бірнеше қырғын соғыстардағы, тіпті өзі таң қаларлық болған жеңістері, «аллалап ап» дегенде, көлденеңінен пайда бола кететін күші, керемет майдандардың шаңы бұрқырап, қызыл қандар су болып аққан суреттері елестеді.
Бірақ бір ұзын аяқ сары маса ызылдап көзінің алдында, мұрнына қанатымен сырып өтіп быж-быж етіп мазасын кетірді. «Ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» дегендей, жарықтық Ғазретғалидің мұрыны қоқырайған үлкен болатын. Ал танауының тесігі анау-мынау шелектей бар. Ызылдаған сары маса енді мазасыздығын бұрынғыдан да гөрі ұлғайта түсті. Тіпті даңдайсып кетті. Бір кезде быж-быж етіп ән салып келді де Ғазретғалидың танауына зып берді.
90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....