Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.
Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Қазіргі жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел поэмасына қосылатын екі үлкен әңгіме, 5 өлең бар. Біреуі – "Қозы Көрпеш – Баян", екіншісі – "Қыз Жібек". Ел поэмасы деп қандай түрдегі әңгімелі өлеңді айтатынымызды осы екеуінің мағынасы мен үлгісін қарастырған уақытта анықтап айтпақшымыз. Сондықтан, қазір жалпы сөзді айтудың орнына сол екі әңгімені бас-басына қарастыруға кірісеміз. Әуелі қарастыратынымыз "Қозы Көрпеш – Баян".
"Қозы Көрпеш – Баянның" қысқаша әңгімесі
Ескерту: екі бай аты 1-Қарабай, 2-Сарыбай.
Бұрынғы өткен уақытта Балталы, Бағаналы деген елдің ішіне шеттен ауып келген Қарабай, Сарыбай деген екі бай келеді. Сарыбай келген жерден Балталының еліне үлкен мырзалық көрсетіп, қалың елдің бейілін алып, ханы есепті, қадірлі жақсысы болады. Қарабай тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, сараңдықпен құнсыз болып елге қадірі жоқ болады. Екеуінің жасы жетпіс пен сексенге келген кәрі. Бірақ балалары жоқ, зарлы. Бір күні екі бай елсіз тауда анда жүріп, кез келіседі, мұңдарын айтысады. Екеуінің де үйіндегі қатындары екі қабат екен. Құдай атын айтып дос болып, бірінен ұл, бірінен қыз туса, екеуін қоспақ болып ежеғабыл жасайды. Сол уәденің үстінде, Қарабай Сарыбайдан тілек етіп бір буаз маралды атқызады. Буаз аңның киесі атып, Сарыбай сол жерде өледі. Қарабай егіз лақ маралды алып, еліне қайтады......
Шәутен деген бала бар еді. Оның бір әдемі ақ қозысы бар еді. Шәутен ақ қозысын жақсы көруші еді. Қозысының енесін апасына өзі саудырушы еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.
Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқанда қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.
Апасы:
— Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шәркей ғып берем, онда қайтер екен, — деді.
Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен де өсті. Жамаулы жаман шәркейі кішкенеден-кішкене болып, аяғына симай қалды.
Балалардың папасы мен мамасы, Надя апайлары үйде жоқ. Олар ана бір жатаған қоңыр ат жегіп жүретін қарт офицердің үйіне бала шоқындыру тойына кеткен. Солардың келуін күтіп, Гриша, Аня, Алеша, Соня және аспазшы әйелдің ұлы Андрей бәрі асханадағы тамақ ішетін үстелде лото ойнап отыр. Дұрысын айтқанда, олардың ұйықтайтын кезі болған, бірақ мамаларынан шоқындырған баланың қандай екенін, қонақасыға не бергенін білмей жатса, ұйқылары келер ме, сірә? Аспалы шамның жарығы түскен үстелдің үсті жыпырлаған көп таңбалы сандар, айнала жаңғақтың қабығы, неше түрлі қағаз қиқымдары, шыны сынықтары жайрап жатыр. Әрбір ойыншының алдында екі-екіден карта және таңбалы сандарды жабатын уыс-уыс шыны жарықшақтары. Үстелдің орта тұсында бір тиындық бес бақыр салынған табақша ағараңдайды. Оның қасында шала желінген алманың қалдығы, қайшы және жаңғақтың қабығын салуға қойған тағы бір табақша тұр. Балалар ақшаға ойнап отыр. Тігіс - бір тиыннан. Ойынның шарты: егер кімде-кім қарау ойнаса, дереу ойыннан шығарылады. Асханада ойыншылардан бөтен адам жоқ. Күтуші әйел Агафья Ивановна төменде - ас үйде, аспазшыға киім пішуді үйретіп отыр да, балалардың ағасы, бесінші кластың оқушысы Вася қонақ үйде диван үстінде зерігіп жатыр. .....
Қазақ халқы ежелгі заманнан-ақ ислам дінін ұстанғаны белгілі. Олай дейтінім, тарихтан белгілі Керей мен Жәнібек хандық құрғаннан бастап, одан алдыңғы Ақ Орда мен Алтын Орда дәуірінде, Қарахан мемлекеті тұсында еліміздің аумағына ислам діні кең түрде таралған болатын. Ұлт ретінде ұйысып, өркениетке ие болуымызға, салт-дәстүріміз бен дініміздің біте қайнасып сабақтасуы осы – ислам дінінің ықпалы деп білемін.
Ислам діні этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі, оның адамгершілі құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен бөліп жармау, мұндағы айтпағым, қоғамдық сана ол – діни рәсімдер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі арқылы, мәдениеті арқылы, діні арқылы қалыптасқан ұлттық өмір салты бар. Кезінде салт-дәстүр санасында, әдебиет, тарих оқулықтарында, баспасөз, көркем өнерде бейнеленгенімен, оларды кеңінен қолдану кеңестік идеологияның өктемдігінен жойыла бастады. Өкінішке орай, ұлт ретінде өзіміз де ұлттық әдет-ғұрыпты, салтымыз бен дәстүрімізді қорғауға, берік ұстануға табандылық пен ұстамдылық көрсете алмадық. Қазақ тұрмысы жартылай батысша-орысша, жартылай қазақы болды. Батысша дейміз-ау! Сол батыстың бізге дәл қазіргі кезде технологиясы керек шығар, бірақ, мәдениеті бір тиынға да керек емес. Қазіргі кезде жастардың батысқа қызығуы мен еліктеушілігі мінездің өзгеруіне алып келеді. Мінез өзгерсе – дәстүр қайда, салт қайда, тәрбие қайда екенін таппай қалармыз? Құдай сақтасын, әрине. Ал қызығушылық пен еліктеушілік – жастардың жат ағымға кіріуіне бірден бір себепші екені айдан анық.Айтпасақ та түсінікті... .....