Әңгіме: Максим Горький | Парма балалары


Генуяның вокзал алдындағы алақандай алаңға қаптаған қалың жұрттың дені жұмысшылар болғанмен, бірақ араларында шүйдесі шығып, шытырая киінген адамдар да көп. Жиналған жұртты бастап тұрған муниципалитет мүшелерінің төбесінде қаланың шым жібекпен безеген туырлықтай тулары желбіреп, олармен қанаттаса жұмысшы ұйымдарының алуан түсті тулары да толқын ұрады. Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын.

Қаптаған жұрттың үстінен қарап, биік пьедесталда, өз сеніміне бола қыруар қиыншылық шегіп, ақыр аяғы сол сенімінің арқасында жеңіп шыққан ойшыл Колумбоның бейнесі тұр. Қазірдің өзінде де жұртқа жоғарыдан көз жіберіп:

«Тек өзіне өзі сенген адамдар ғана жеңіп шығады» — деп, мәрмәр ернінің емеурінімен тіл қатып та тұрғандай өзі.

Оның аяқ жағын ала, күн көзіне шағылып, алтыннан аумай жалт-жұлт еткен жез кернейлерін пьедесталды шыр айнала саудырата жайып салып музыканттар отыр.

Мәрмәрдан айшық тәріздендіріп салынған вокзалдың абажадай зәулім үйі, жұртты тап бір аймалағысы келгендей, қанатын жая қалған. Порттан кемелердің алқына алған демі, су астында жұмыс істеп жатқан тетіктердің бүдірлеген дыбысы, шынжырлардың сылдыры, ысқырған және айқайлаған дауыстар келіп тұрғанмен, бірақ шыжыған ыстық күн сәулесіне малынған алаң үсті әрі қапырық, әрі жым-жырт. Үй-үйдің балкондары мен терезелерінен қолдарына гүл алған әйелдер, гүл-гүл жайнап әсем киінген балалар көрінеді.

Станцияға локомотив ағызып жетіп келіп, ақыра қоя бергенде қаптап тұрған нөпір селк ете түсіп, қанатын қаққан қара құсша, бірнеше мыжырайған қалпақ жұрттың басынан аса аспанға атылып та кеткен еді, музыканттар кернейлерін қолына алып, егде тартқан, салдарлы әлдебір адамдар желпіне басып, жұрт алдына шығып, беттерін топқа бұрды да, қолдарын оңды-солды сермеп, сөйлей жөнелді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Дүниенің байлығы

(этнографиялық әңгіме)

Сарай іші қатты абыржулы. Қызметшілердің бәрі тілаузын қойып қалғандай үндеспейді. Бір жағы шағылмен жалғасатын хан ордасының төңірегі көтерілген желден шаңытып тұр. Ұстарамен тақырлап алғызған адам басындай тып-тықыр жерді құйын әлсін-әлі сыпырып өтеді. Ұстара демекші Әз-Жәнібек хан да басын ұстарамен қырғызып қойғалы екі күн болған. Өзі де қанын ішіне тартқан қара сұр адам шашын алғызған соң ұсқыны кетіп, сұр жыландай ысқырып отыр. Бүгін жай, күн сәске болып қалғанда тұрған соң одан сарайдағылар әлдеқалай көңілділік күтіп еді. Жоқ, болмады. Қаны қашып, бетінің әжімі айдалған жерде өтпес соқа қалдырған атжалдай жырым-жырым болып кетіпті. Кешегі ашуы бүгін де басылмаған сықылды. Бүгін де келе салысымен, ордадағы орнына отырмай жатып Жиренше шешенді іздеді.

Жиреншенің осындайда табыла кеткенін әркім-ақ қалағандай еді. Өйткені шешендігімен болса да, көсемдігімен болса да ханды әңгімесіне еліттіріп, бәрін ұмыттырып, тұтасып жауғалы келе жатқан бұлтты көтеріп айдап кеткен желдей хан басындағы жаман ойды сәл ғана сейілтіп жіберуші еді. Ондайда ұсқыны кетіп, дүниенің бәрінен күсіп отырған хан сабасына түсіп жарқылдап, жадырап сала беретін. Ордада қызмет ететін, сұлулықтың құдайындай Керім деген сұрша жігіт бірде тіпті ойын естіртіп айтып қалған да болатын.

— Құдай бәрімізді де алып, дүниеде тек Жиренше секілді адамдар ғана қалса қандай жақсы болар еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бала тәрбиесі


Осы мақаланы оқи отырып өз балалық шақтарынызды еске алып немесе ата ана балсаңыздар бала тәрбиелеудегі өз тәжірибеленіңізді көз алдарыңзға келтіріп бала тәрбиесі туралы тұжырымдар жасасаңыздар болады.Көп балалы ана, жас ұстаз ретінде үнемі бала тәрбиесі туралы мағлұмат жинап ізденіс үстінде жүремін. Өзім алғаш ана атанғанымда тұла бойым тұнғышымның тәрбиесінде көп қателік жіберіп алғандаймын, енді сол қателігімнің орнын толтыру мақсатында жан жақты ізденісте жүремін. Және де ізденісім жемісін беріп келеді.

Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Сол себепті, жаман мінез, қылықтан сақтандыруда «ұлға – отыз үйден, қызға - қырық үйден тыю» салған. Бұл және де біздің қазақ ұлтында бала тәрбиесінің бүкіл әулеттің, бүкіл ауылдың асыл парызы болғанын, оған отбасы, туған-туыс, көрші-көлем, ағайын болып ат салысқанын танытады. Өйткені, ол бай іс-тәжірибені, жоғары адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді.

Ең бастысы, жаңа туған нәрестенің өзіне ата-анасының, туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатыны есіңізде болсын. Жыламайтын, мазасызданбайтын, ауырмайтын сәби жоқ. Әсіресе, жас нәресте жылаған кезде қолыңызға алып, құшағыңызға қыспасаңыз да, жанында отырып уатуға тырысыңыз. Мұндайда сәби ата-ана ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда оның бойында сенімділік сезімі қалыптаса бастайды, жалғыздық, керексіздіктен туындайтын үрей, қорқыныш, жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, бала көбінесе, тісі өскенде, жүре бастағанында, сөйлеуге талпынғанында ерекше жылауық болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Менің атым Қожа


БІРІНШІ ТАРАУДА

Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады.

Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Динара Жамбыл | Рухани жаңғыру табысты ел болуымыздың кепілі

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ағайымды әлі күнге дейін сүйемін

Күз. Оқудың басталғанына да көп те болған жоқ. Ол кез 10-шы сыныпта оқитынбыз. Мектебімізге жаңа мұғалімдер келіпті.Сол мүғалімдер ішінде біреуі ерекшелеу көрініп еді, жұрттың бәрі сол жас мұғалімді әңгіме ғып жүр екен... Кейін білуімше ол бізге сабақ беретін мұғалім болып шықты. Келе салысымен сабақ.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Әңгіме: Сөз бостандығы

Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына қатысты қандай да бір қиындықтар бар деп айту қиын, өйткені билікті ашық сынайтын «Тасжарған», «Свобода слова» секілді тәуелсіз басылымдардың ашық түрде таралып, халық қолына баруы - бұл елдегі сөз бостандығының алғышартының негізі болмақшы. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы бар деп айта аламыз»,-деп айтқан болатын Т.Әбішев.

Сөз бостандығы - мемлекеттің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығынсыз азаматтық қоғамды, демократиялық басқаруды, құқықты мемлекетті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Азаматтардың Конституция арқылы кепіл болған саяси құқығының бірі - сөз бостандығы. Сөз бостандығын демократиялық құндылықтарды іске асырушы деумізге де болады.

Прогрессивті зиялы қауым сөз бен сөз бостандығын ерекше қастер тұта білген. Сөз бостандығының негізгі қозғаушы күштерінің бірі-интеллектуалдық элита, зиялы қауым болып саналады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Түнгі қонақ

Бекәділ дәлізде тұрып, өз бөлмелерінде сабақ дайындап отырған екі баласына:

— Ау, Әли, Мұхтар, сағат он боп қалды. Аяқтарыңды жуып, жата берсеңдер де болады, — деді.

— Жат, жатыңдар. Таңертең тұрмай әлек қыласыңдар! — деп, Ләззат күйеуінен гөрі қаттырақ ескертті.

Кіші ұлы Мұхтар күндегі әдетімен:

— Сендер қайда барасыңдар?

— Қайда барушы ек. Алаңда біраз сейілдеп, жүріп қайтамыз.

Үш бөлмелi кем үйде Әли, Мұхтар оңаша қалды. Әли алтыншы, Мұхтар бесінші оқиды. Жоқ, ата-анасын тыңдамайтын немесе жүре тыңдап, бір айтқанды он қайтара айтқызып, әке менен шешенің ашу - шамына тиетін қыңыр-қисық балалар бұлар емес. Әр нәрсенің шөгін білетін тәрбиелі балалар екеуі де. Сабақты жақсы оқиды. Мұғалімдеріне де, таныс көрші-қолаңға да жағымды.

Кітап - қағаздарын жиыстырып, столдан бірінші боп тұра берген Мұхтар кішілік шолжаңдау мінезі ұстап, Әлидің қалқиған құлағына шертіп келіп қалды. Әли тек осыны

күтіп отырғандай сақ еді. Зыта жөнелмек болған Мұхтарды ол екі аттатпай-ақ ұстап алды. Екеуі сол арада, еденге төселген қызыл ала кілемнің үстінде, таласқан иттерше апыр-топыр болды...

Стол басында көбірек отырыңқырап қалғанда, әсіресе, үйде әке, шеше жоқта, бойдың құрыс-тырысын осылайша жазып алу олардың қашаннан бергі әдеті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Теміржолшы


«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.

— Қара бұқасы болады дейді.

— Оның жаны бар ма?

— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?

— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.

— Ол қайда барады екен?

— Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.

Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.

Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.

— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қызықты қазақ тілі

Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер», «Ойыншықтар», «Сандар», «Санамақтар», «Жемістер», «Көкөністер», «Азық - түліктер», т. б.) бекіту.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сұрақтарға сөйлеммен жауап беру дағдыларын дамыту. Жай сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Кішіпейілділікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Негізгі меңгерілетін сөздер: өткен материалдардың сөздік қорлары
Қолданылатын көрнекілік құралдар: мазмұнды суреттер, үлестірмелі суреттер, проектор, слайдтар, тақта, қоржын, асықтар, ойыншық аю.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, практикалық, АКТ.
Оқу іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу.
Шаттық шеңбері:
Сәлем саған, алтын күн,
Сәлем саған, көк аспан,
Сәлем саған, жер ана,
Сәлем саған, достарым!
Сұрақ - жауап:
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning!
Мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0