Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Правда


Әлдененің сыбдырынан Гриша басын көтеріп алды. Үйдің іші ала көлеңке тартып, рауланған алтындай таң жарығы білініп, шығыс жақ құланиектеніп қалыпты. Ешбір тықыр білінбейді. Терезеге үңіліп еді, бәйтеректердің жапырағы баяу қимылдап тұрғанға ұқсайды. Бірақ ол сыбдыр таңғы тәтті ұйқыдағы Гришаның құлағына келуі мүмкін емес қой.

Басы екі терезенің ортасына тие қойылған кроваттағы Ставровский шалқасынан арбайын-сарбайын ұйқтап жатыр. Тіпті үстіндегі көрпесінің шеті төсегінен ысырылып түсіп қалғанын да білер емес. Гриша оның көрпесін жоғары тартып, үстіне жаба салды да, өзі де төсегіне қайта келіп, көрпесіне оранып көзін жұмды.

Гришаның көзі ілінер-ілінбестен жаңағы сыбдыр тағы шықты. Бірақ бұл жолы Гриша оның қағаздың сыбдыры екенін анық аңғарды. Мақталы сырмалы көрпені серпіп тастап қайта бір шынтақтап көтерілді. Тағы ештеңе жоқ. Ставровский сол қалпында, аяғы кеткен жерге басы кетіп жатыр. Басқалар да қыбыр етпейді, тек бір қалыпты тынысы ғана естіледі. Он жақ бұрышта жататын Ораздың ғана қолы қимылдағандай. Бірақ қолы бет-әлпетін көлегейлеп көрсетпейді. Гриша қайта жатуға ыңғайлана бергенде, терезе алдынан әлдекім жүріп кеткендей бір көлеңке қараң етті.

Нақ осындай құзғын сәріде кім болушы еді. Тіпті Гришаның елегізи беретін ескі әдеті. Жазғы таңғы тәтті ұйқысын қиып кім жылы төсектен тұрушы еді. Ол қайта жатты.

Бірақ ұйықтай алмады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

5 әріпті періштем

Сол 5 әріпті жан менің алақандай жүрегімнің төрінен орын алған еді ғой!? Күнде түсімді ұрлаған, ақыл-есімнен адастырған сол жарқын жүзді көруге асығатынмын!
Әлем, мынау қоршаған, орта тіпті жұмыр басты пенделердің өзі маған онсыз мәнсіз болатындай көрінді!!! Ең асыл,ең құнды нәрселерді сол 5 әріпті періштеге ғана балаушы едім. Оны ойлаған сәтте......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Қыстаубай атам сияқты

Ақын Сырбай Мэуленовтің «Тосын жазы» өленіңде;
Қой өрді таңсәріде үдеріле,
Қара атты Жаркешудің түбегіне.
Келеді қой соңында Қыстаубай шал,
Ақырын қамшы сыйпап....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Шаршағаның білінді

Бірде ауыл балалары күнделікті дағдымен бас қосып асық ойнағанда Қапаштың жолы болып, үлкен «олжаға» батса керек. Оны Сағи былайша қағытыпты;
Қолың мерген мықтым — ау,
Асыгын жұрттың.....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл


Үркіншілік

Мынау ұйқы-тұйқы дүние не болып кетті? Дәмелінің есіне бәрі түсіп жатыр...

1

«Мұрагер, мұрагер» деп ер баланы тілейтін қазақтығына басып, бұл туғанда әке-шешесі тіпті қуанбапты да. Дүниеге үшінші қыз келді дегенде, әкесі кімге өкпелегенін қайдам, ауылына екі күн бойы жоламай қойыпты. Шешесі де айыпты адамдай қатты қысылған екен. Амал не, ақыры тағдырдың жазғанымен бәрі де келіседі. «Ұл көруге жазсын» деп мұның атын Дәмелі қойғаны да сол еді. Біржарым жасқа келгенше әкесі мұның, бетінен де иіскемегенін анасы талай айтып отыратын. Ақыры бақытына артынан үш ұл бірдей еріп, Дәмелі деген атын ақтаған екен. Ұл болғанда қандай, бірінен-бірі өтіп, балуан, батыр, мерген болып өседі. Осынау Қармыс ауылына олар үлкен атақ әкеледі. Тұрғанбектің үш арысы атанады — Нарғазы, Жанғазы, Ерғазы. Оның есесіне бой жетіп, толықси отырғанда, екі әпкесі де дүние салады.

Нарғазының ел аузына іліккені сонша, Дәмелі төркінінен жырақта жүрсе де, «а, құдай-ау, тіл-көзден сақтаға» басып, айналасына түкірініп отыратын. Сонау үркіншілік жылы, ақ пен қызылдың алма-кезек айқасында, осы Нарғазы болмағанда Қармыс ауылының қырылып қалуы да сөзсіз еді. Ақылыңнан айналайын азамат, әйтеуір, қиын кезеңнен алып шықты ғой. Жағдай ауырлап бара жатқан соң, ол жылдары Дәмелі бала-шағасымен төркінін паналаған-ды. Алты жасар Ақылжанның құдай сақтап ақтың қылышынан аман қалғаны да есінде.

Осы сәт көз алдына келгенде, біреу қойнына мұз тастап жібергендей дір ете қалады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Сарнауық жеңгей

Жаздың басы. Күн ыссы. Демалыс күн. Таудағы дачада түске дейін күрекпен жұмыс жасадым да, жуынып - шайынбаққа төменге, өзен бойына түстім.

Жер қазып, еңбек еткен адамның түрі белгілі: аяғымда тарпылдаған кирзо етік, бұтымда жұмыс істегенде киіп жүрген былғаныш көне шалбар. Кеуде жағым әдейі күнге күю үшін тыр жалаңаш. Ал басымда бір кездегі әдемі формасынан түк қалмаған, сап-сары боп қаңсыған сабан қалпақ. Басы көзім шаң-топырақ. Бетімде, жалаңаш денемде тердің қап -қара тарам-тарам, іздері.

Түрім осы. Бір қолымда қаңғырлаған бес шелек, екінші қолымда сабын, ысқырып өлең айтып, ағаштың қалың арасынан өзен бойына сопаң етіп, шыға келдім.

Әлгі ара кішкене ғана ашық алаң, бауырларын күнге қыздырып жайылып жатқан қой тастар. Тастың біреуінің үстінде дәл бет алдымда басындағы орамалын қолына алып, бетін желпіген, өзінен-өзі ентіккем бір әйел отыр.

Көздері бақырайған, жақ сүйектері шығыңқы, екі беті солыңқы бұл әйелді танитын секілдімін. Бірақ дәл кім екенін жөппелдемеде есіме түсіре алмадым. Сонда да қалт тұра қап:

— Есенсіз бе, — деп сәлем бердім.

Әйел ернін болар болмас жыбыр еткізді. Маған адам емес, жабайы аң көргендей біртүрлі тікірейе қарап қалған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Тұңғыш

Сонау елуінші жылдардың ішінде Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір » газетінің кезекті нөмірінде Сағидың «Тұңғыш» атты өлеңі жарық көреді. Өлеңді қайта - қайта оқып, көңілі көтерілген жас жігіт газет редакторы Тайпа Сапарғалиеваға:
Қадірменді апамыз,
Болса кешір.....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0