Әңгіме: Жюль Верн | Он бес жасар капитан

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШКУНА-БРИГ

1873 жылы 2 февральда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен 43°75 оңтүстік ендік пен 165ʹ19 батыс бойлықта жүзіп жүрген. Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді бұл.

«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші байы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын; бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді.

Джемс Уэлдон Берингов бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.

Сен жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі мен Жана Зеландия маңында сен жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда, бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім бөлшектері ғана; бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа түсісімен еріп кетеді.

Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың (китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын; ержүрек капитан «Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тәжірибелі бес матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім қызмет етіп жүрді. Кит аулау кәсібінде, қайықта қызмет атқарып, ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай ірі іске бар болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Әйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме иелерінің әдістерін қолданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын команданы ғана алуды тиімді санаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Посттағы кәрiс

Бiр шекарада бiр кәрiс әскерлiк борышын өтептi. Постқа итпен барады ғой олар, кәрiс постқа барған сайын иттердi жеп қоя бередi екен. Сөйтiп командиры бiр гипнотизерды......
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Әңгіме: Бақыт деген


Бақыт деген...
Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар.
Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек!
Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол!
Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз.
Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт!
Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз.
Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Алыстағы Махаббатым

Содан 9 жылдан соң Қостанай облысынан Шымкент қаласына Махаббатпен кездесуге бардым. Бул кездесуді мен коптен кутіп едім... Ол кезде мен Махаббаттын көзінен тек қана қуанышты кордім. Менім өмірімнің қуанышты шағы тек қана сол Махаббатпен бірге болÒ
ған шақтарым. Ол кезде менен откен бақытты жан жоқ еді...
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Жұмбақтың шешімі

1958 жылдың шілде айы. Сағи ежелгі досы Сағындық Мырқалиевпен бірге Алматы - Қостанай бағытындағы пойызбен елге келе жатады. Олармен сапарлас Қазима, Күлдір атты қыздар.....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Арбамен асықпаған қоян алар

Сағи айтқан екен сөздер көпшілік арасында - аракідік әңгімеленіп тұрады. Осыны үнемі естіп сезген Мәлікзада Нұрханұлы Ахметбеков
Ақындықтан бар сияқты хабарың,
Таудай болсын, інім Саги талабыц.
Алтыныңды ішіне көп сақтамай,
Шығара алсац сыртқа.....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0