Махаббат хикаясы: Періште қыз

Терезеден сығалаған күн нұрының алтын сәулелері бөлме ішіне тінтіне қарайды. Бәлкім ол да аруымның ай дидарлы жүзіне ғашық па екен «ә». Аймаламашы оны, ары кетші десем Алладан ұят боларма? Бір пендесін періштедей жаратып, бәрімізді қызғандырып қойғанын қараңызшы. Тіпті мен адам түгіл ана аймалаған күннен, сүйіп үпкен самалдан, құлаң шәшын жуып өткен жаңбырдан бәр- бәрінен қызғанам, өртенем.
О. Тәйірі сірә саған бар әлемнің сұлулығы сыр боп тұнған ба екен, бүкіл өмірім бір қиылып түскен бұрымымның құнындай ғана шығар- ау. Қара көз айым қадалған жанарынан тараған бір ыстық жалын өне бойымды шарпып барады. Санамның азғантай салауатын сұлулықтың, сиқыр сезімнің пірі жеңіп, сайарда зарла қызыл тіл байланып, көп сөздерім көмейге тығылып, көңілде көбіршіп қалып барады. Бір күш булығып тулайды... есімнен танармын.
Пай, пай мынау аппақ дүние, сондағы кіршіксіз ұлпа қар болсаң, сені таптар аяқтардың бәрін матап тастар едім, солай да ақ сәуле періштем нәзік, монтаздай жүрегіңе тинамдай ноқат, сызат түсірсем кешірілмес күнәға белшемнен баттым деп өкінер едім. Мөлдір жанарыңнан бір тамшы жас найзадай кірпігіңнен суырылып кетсе, ол маған көп, ол көл болып көрінеді.
әттең пенделер арасындағы періште қыз сен мені түсінермысың?!
Білем он сегіз мың ғаламды жаратушы раббым, періштелерін нұрдан жаратқан. Олар тамақ ішпейді. Жемейді. Тек Алланың құзырына қызмет етеді. Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: аспанда төрт саусағың сиярдай бостық жоқ, раббісіне сиынған сансыз періштелер бір бөлімі сәждеде жатыр, бір бөлімі қиямда тұр. Олар неше мың, миллион жыл, өтсе де, ұлы жаратушысына зікір етіп тұра бермек» дейді. Ал адамды Алла тағала әуелі топырақтан жаратқан. Біз өткінші мынау дүниеге сынақ етіп жіберілген пенделеріміз, әлсіз құлдарымыз ғой. Демек күллі мадақ, ұлылық бір ж аратушыға ғана тән. Ол жалғыз......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Баянсыз хикая

Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар.
Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім.
Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық.
Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты.
- Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0