Махаббат хикаясы: Кешігіп неге жолықтың???

Кешігіп неге жолықтың??? Міне, бұл өлеңді тыңдап жүргеніме 1 жылдан аса уақыт болыпты... 2012 жылддың 20 жүлдызында мен сабақтан шаршап келгеннен кейін жатып қалдым. Біраз уақыт өткеннен кейін үйқыдан тұрсам, жүрегім айнығандай болып, біртұрлі болдым. Бірақ сонда да сабаққа бардым, ол кезде мен 11 сыныпты бітіргелі жүргенмін,тестке дайындалып. Сол күні сабақта ұзақ отыра алмай апайдан сұранып кеттім, ауырып тұрмын деп. Үйге жылап келдім. Мамам түрімді көріп шошып кетті, не болды деп. Сол кештен бастап ішім қатты ауыра бастады,Түнімен ауырып шықтым,ұйықтамай. Ертесіне азанда мені больницаға көрсетуге мамам алып келді онда маған аппендицит деген диагноз қойып,сол күні орталық ауруханаға жатқызылдым.
Түстен кейін,яғни түскі үзілістен кейін, врачтар жұмысқа келе бастады,ол кезде мен аурухананың қабылдау бөлімінде отырған болатынмын. Врачтар келгеннен кейін мені тексере бастады,бірінен соң бірі. Сол аурухананың хирургия бөлімінің г л.врачы тексеріп жатқанда ішке бір ағай кіріп келді,жасы 45-46жас шамасында екен бірақ ол тіптен жас көрінетін . Мен ана ағайдан көзімді ала алмай тұрып қалдым, тіпті ауруымды да ұмытып кеттім...Сөйтіп, ол ағайға бір көргеннен ғашық болып қалдым. Сол кұні маған 1 сағаттан кейін операция жасайтын болды, өзім ауырып жатсам да операцияға жаңағы ағай қатысса екен деп ойлап жаттым, маған алдын ала обезболивающий салып қойған еді. Сөйтіп мені 20 минут өткеннен кейін операция бөлмесіне алып келді, қарасам жаңағы ағай жүр екен оны көріп қуанып кеттім.
Содан ол ағай маған наркоз салатын болды. Қолымды ұстап бір нәрсе кигізді, сол кезде байқадым оның үйленгенін, оң қолынан неке жүзігін көргенде жүрегім сыздап қоя берді. Операциядан кейін ертесіне обход болатын болды мен болсам кешегі ағай келетін болды деп қуанып болып жатсам, ол ағай араларында болмай шықты......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Ол күнгі Алматы

Қара ұрт оны әбден түсінеді. Бірақ көптен көріспегендіктен мынаның қалайша оралдырып жүргенін естімек еді. Өзінікіне ұқсай ма, жоқ па? Соны байқамақ. Сондықтан:

— Шын ба, елуге жете ме? — деді.

— Жетпей қоя ма? Өзің ойлап көр. Охотыға қалай шықтым, солай кем болса бір түс киіз, бір сырмақ, немесе алаша, кілем, не болмаса сандықта жатқан ішік, шапан алам! — деді. "Охоты" деген соңғы айларда бұлардың тілінде ауылға барып, шабуыл жасап қайту мағынасында болатын. Семіз қызылдың бұл айтқаны шын екенін осы Фонтан көшесінің өзі-ақ өн бойында көрсетіп тұр.

Әр көшенің басынан кіре бере, Тәшкен аллеясына шейін байқап отырсаң: әлденеше бақшаларда, немесе тәуір үйлердің терастарында ылғи қызарып, аламыштанып, жарқырай жайылып тұрған қазақы қолды жасауды көресің. Бұл үйлердің бәрі де қала чиновниктері мен көпес, немесе мещан атауының үйлері. Соның кейбірінде әдемі оюлы сырмақ, кейінде шебер кестелі түс киіз, кейінде су жаңа; мұндай қызарғаны жоқ үйлер салам шатырлы, аласа дуалды кедей шоқпыт үйлер ғана. Одан басқаның бәріне қазақ аулынан шыққан жасаулы келіндер түскен дерсің.

Бағанағы шал-кемпірді шошытқан қала бұл күндерде сол айналасын жалмап жұтып, қызара бөртіп тұрған талан-тараж қаласы еді. Семіз қызыл осы жасауларды әлгі чиновник, тілмаш, көпестердің үйіне жеткізіп, арзан қол қып өткізушінің бірі еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Пықанның сабағы


Пықан бір тойдың үстінде әлдебір заң қызметкерімен қатар отырып қалып, оған ата-аналардан ақша алғаны туралы бірдеңелерді былжыратып айтып қойды. Сол-ақ екен, заң қызметкері Пықанның білегіне шап ете түсті. "Былықтырған екенсің ғой әбден!" - деді түсін суытып.

Пықан шошып кетті.

- Тағы қай жерде алдың?!

- Бастауыш сыныпқа сабақ беріп жүргенде, - деді Пықан.

- Сен өзі ненің мұғалімісің?! Біресе жоғары сыныпқа, біресе бастауышқа сабақ бере бересің бе?!

Пықан шынын айтты:

- Мен мұғалім емеспін.

- Енді кімсің?!

- Мен электрикпін. Бастауыш сыныптың мұғалімі болмай қалып, сабақ бергенім бар еді.

- Содан?!

- Содан бастауыштан ештеңе білмеймін. Айналып келіп балаларға "электр желісіне жоламаңдар" деп айта бердім.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бізге болашақта бәрі де керек

- Уақыт болса жедел өзгеріп бара жатыр, - деді ата-ана. Ол кішкентай қыздың әкесі екен.

- Ал біз болсақ, кеңестік мектепте білім алғанбыз. Кейде жолдастар деген сөзді тілімде көп қолданатыным бар. Мүмкін осының әсері шығар. Осы жиында отырған бәріңіз де ата-анасыздар ғой. Ұл-қыз өсіріп отырсыздар. Сондықтан мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Менің де кішкентай қызым бар. Өзі құртақандай ғана. Сіздер оны тіпті көз алдарыңызға елестете де аласыздар. Мұндайда қуыршақтай ғана деуші ме еді. Қызым мектеп табалдырығын аттады. Мұның не екенін түсінесіздер ғой, әрине. Бәріңіз де ата-ата болғаннан кейін түсінесіздер. Қуанасың, тағы сол сияқты дегендей ғой. Баламен арақатынаста қиындықтықтар болмай тұрмайды. Ал қиындықты еңсере білу керек. Бұл - әрбір ата-атаның міндеті. Мінеки, сіздер мені қуаттап отырсыздар. Өйткені ата-ананың жанын ата-ана ғана түсінеді немесе мұғалім дегендей. Сіздер де баламен арақатынаста қиындыққа душар болдыңыздар ғой. Сөздеріңізге сенемін. Дәлелдеріңіз иланарлық. Ал біз болсақ, қиындыққа салған жерден кездестік. Айтуға ыңғайсыз енді. Дегенмен сіздерге бастаған екенмін, аяғына дейін айтып берейін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Малайсары Тархан тас тұғырда

(Ойтолғам)

... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.

Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.

-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Ғайып болған миллион 2

Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.

— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?

— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.

— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.

— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.

— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Арзан пәтердің сыры

Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы қылықтармен шектеледі.

Бірде кешкісін ескі досым Джеральд Паркердің үйінде отырғанбыз. Менімен үй иесінен бөлек тағы да бес-алты адам бар-тын. Әдетте Паркер отырған жерде әңгіме қалайда баспана іздеу мәселесіне қарай ойысатын. Бұл жолы да дәл солай болып шықты. Әңгіме арқауы Лондоннан пәтер іздеп табудың қиындығы жайында болатын. Баспана.іздеу, пәтер ауыстыру Паркердің үйреншікті кәсібіне айналған еді. Соғыстан1 бергі уақыт ішінде - ол ең кемінде бес-алты пәтер ауыстырған. Бір.жерге қонар-қонбастан және бір арзан үйге ықыласы ауып, дүние-мүлкін арқалап көше жөнелетін. Дегенмен әрбір көшіп-қону оған аз да болса пайда келтіретін. Ал шынына келгенде, пәтер ауыстыру енді оған пайда табудың көзі емес, күнделікті әдетіне айналып кеткен еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Бір түн


Іңір әлетінде "кеш жарық" деп кіріп келсең, келген үйің кешкі тамағын жаңа ғана алдына алып жатқан болса, үй иесі үйде жоқ боп, боқташақ балалардың арасындағы бас көтерері жалғыз ғана жас әйел болса — олар да ыңғайсызданып қалады, сол үйге сыймағандай солбырайып сен де тұрасың. Дегенмен, декабрь ішінің тымырсық аязы — осы үйден шықсаң-ақ шап беріп ала түсетіндей боп, сені еріксіз аялдатады. Жылынғаныңмен тұрмай, сол үйдің тұрмысына сын тағып кеткелі келген адамнан жаман көзіңді анаған да қадайсың, мынаған да қадайсың.

Жас келіншек салманы ұрғылай түсіп:

— Биыл салған үйіміз еді... Жөндейтін жері көп әлі, дейді.

Шын таңырқау осы жерден басталады. Екі бөлмелі үй, асты-үсті тақтайлы, жинақы ғана бұйым; төргі бөлмеде темір керует, керует тұсында мәнерлі кілем... Тағы-тағыларды көзіңмен бір шолып өтіп, кішкене ойлансаң, қаладағы кеуде қызметкерлердің бірі боп жүрген Абалақтың пәтері көзіңе келіп елестейді. Соғыстан шыққандай қирап жатқан бұйым, шашылып жатқан дүние болады оның үйінде. Үсті-бастары дал-дұл, танауларының асты нелеу боп, тәртіпсіз өскен балалары болады. Осының бәрінің ортасында тұлданып Абалақтың әйелі отырады: "Қараң қалғырдың қайсы бірін жинайсың?!" — деп. Сонда сол әйелдің бар бітіретіні — күнде базарға бір шығып, қаланың күнделікті өсегін теру ғана болады-ay... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұлтан оқиғасы


Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.

Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.

Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:

— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.

— Галстук сатып әкепті.

— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?

— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.

Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.

Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..

Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Иван Бунин | Митяның махаббаты

Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.

Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:

— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!

Митя күлмеуге тырысты, іштегі мақтанышы мен болар-болмас ренішін жасырып, төбесінен төніп тұрған Пушкинге қарап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0