ПӘН: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі Сабақ қамтитын оқу мақсаттары : Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: 1. «Қайран менің Еділім!» толғауы бойынша пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді; 2. Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауы бойынша өз пікірін білдіре алады. Оқушылардың көбісі: 1.Екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауысты сақтай отырып, шығарманы мәнерлеп оқи алады; 2.Толғаудағы кейіпкер /ақын/ мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал келтіре алады; Оқушылардың кейбірі: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуда екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б дұрыс сақтайды; 2. Толғауды өмірмен байланыстырып, ақын қозғаған жер мәселесіне байланысты мысал келтіре алады; 3. Үзіндідегі /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстары, ой-пікірі бойынша қорытынды шығара алады. ....