Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: — Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден: — Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты. Кешке дейін жортып жүріп, бір қоян, бір қырғауыл және бір елік ұстап алыпты. Кеш бата үшеуі тамақтануға отырыпты. Арыстан олжаны қалай бөлісіп жеудің амалын таппастан: — Мына олжаны сен бөлші, – деп, қасқырға бұйырады. — Жарайды, – депті қасқыр жалақтап. Сонан кейін жемтіктің қасына отыра қалыпты. Сыбанып жіберіп, бөле бастайды. – Мынау қоян жұдырықтай екен. Мұны тұтам ішекті түлкі жесін. Қырғауыл қылшықты екен, мұны қылғынсам да мен жейін. Тақсыр арыстан, бойың ......
Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.
Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.
— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі. — Түйем, қайда барасың? – дейді түлкі. Түйе: — Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді. Түлкі: — Ендеше, екеуіміз жолдас болайық, – дейді. Түйе: — Болсақ болайық, – дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.......
Шытынаған аяз. Қойлар жылы қорада бырт-бырт күйіс қайырып жатады. Сыртта маң төбеттер маңқ-маңқ үреді. Қорада күзет сақ. Аш қасқыр ауыл сыртын торуылдайды. Арлан бұл маңда қойдың барын сезеді. Сілекейі шұбырады. Сөйтіп ауылға жақын келеді. Мұны сезген төбет арс ете қалады. Қасқыр қаша жөнеледі. Жапан дала. Қасқыр әлдекімге мұң шаққандай, ұзақ ұлиды. Бірақ гулеген боранның гуілі одан басымырақ болады. Бәрі тағы да жортуылға шығады. Таң атады. Ауылдан өрген қалың қой өріске беттейді. Қасқыр отардың алдын ториды. Сол кезде шопан атына қамшы басады да отардың алдыңғы жағына шығады.......
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі Мақсаты: Мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ- жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, тілдік қорын дамыту. Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Қажетті құралдар:Үйдің макеті, лақтар мен қасқырдың бейнелері, бояғыш заттар, құрылыс ойыншығы, магнит тақтасы, бояу, ақ қағаз, қылқаламдар, суқұйғыштар, гуашь құйылған табақшалар, салфеткалар. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: – Балалар, қанеки, саусақ ойынын жүргізейік! Саусақтарды ашып, жұмайық, Ертегілерді атап, шығайық! «Бауырсақ», «Үйшікей», «Шалқан», Шаруа-ата өсіріп алған. «Қасқыр мен жеті лақтар» – Ең сүйікті қонақтар! .....
Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Екеуі біріне-бірі барыс-келіс жасап тұрады. Бір күні түлкі қыдырып, қасқыр досының үйіне келсе, жейтін түгі жоқ, аштан бұралып отыр екен. Түлкінің осындай қысылтаяң кезде келгеніне қуанған қасқыр: – О, досым, келгенің қандай жақсы болды. Тіске басар түгім жоқ, қарным ашып, ішім шұрылдап отыр. Сен епшіл, амалшылсың ғой, айлаң да көп. Бір амалын ......
— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?
Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:
— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.
— Қай әңгімеңізді айтасыз?
— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.
— Дұрыс, соны айтыңыз.
— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.
Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.
Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.
Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.
Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.
— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!
«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.
Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.
Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау. Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк. Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз». Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға .....